Анонс


Тарихшы: Кенесары үңгірі - туризмді дамытатын жер

Жұма, 25 Қыркүйек 2015 10:08
Тарихшы: Кенесары үңгірі - туризмді дамытатын жер KAZMUSEUM.KZ -  

Бурабайдағы Кенесары үңгірі – туризмді дамытатын жер. Бұл туралы Бурабайдағы «Мирас» көпбейінді мектеп-гимназиясының басшысы, тарихшы Жомарт Қайырымденов айтты.

«Өңіріміздегі Кенесары үңгірі – нағыз туризмді дамытатын жер. Ол жердің табиғаты да тамаша, тарихы да бай. Үңгір қазіргі таңда мектеп оқушыларының сүйікті орны саналады. Ол Күміскөлден, яғни Бурабай көлінен екі шақырымдай жаяу жүріп, жоғары көтерілген жерде, таудың етегінде орналасқан. Кенесары мұнда бала кезінде болған дейді, сонымен қатар Ресейдің отарлау саясатына қарсы күрес жүрген тұста сол үңгірде жасырынған, тығылған көрінеді. Сол жерде өзінің серіктестерімен соғыс барысы туралы стратегиялық жоспарлар жасады деген мәлімет те бар. Сондай-ақ, үңгірдің қасынан Кенесары ханның балтасы табылған болатын. Қазір ол музейде сақтаулы», - деді тарихшы.

Ауыздан ауызға тараған аңыз бойынша, Хан Абылайдың немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары бала кезінен атқа мініп, садақпен нысананы дәл көздеуді үйренген. Бурабайдың тоғайлы сай-саласында аңшылыққа шығуды жақсы көріпті. Аңға шығып, қанжығасы майланып қайтқаннан кейін өзінің жасағымен осы үңгірде қонған екен. Сол себепті, ел аузында ол «Кенесары үңгірі» деп аталып кеткен. 
Үңгірдің көлемі сегіз қанатты киіз үймен бірдей. Төбесінде түтін шығатын саңылауы бар. Алдындағы кішігірім алаңнан өлкенің көркем табиғатын тамашалауға болады.

 

Дереккөзі: bnews.kz

5393 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper