Анонс


Абылай ханның ордасы болған орын табылды

Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2015 12:01
Абылай ханның ордасы болған орын табылды KAZMUSEUM.KZ -  

Абылай ханның оңтүстік өңірдегі ордасы болған орны анықталып, ғылыми негізде дәлелденді. Бұл соңғы кездері археологтар тапқан үлкен жаңалық болып тұр, деп жазады «Хабар» арнасының сайты.   

Оңтүстік Қазақстан облысында, Арыс өзенінің жағалауындағы ел ауызында «Хан қорған» атанған көне қалашықта жүргізілген қазба жұмыстары тарихтың топырақ бүркеген беттерін ашты. Бұл жерде осыдан 15 ғасырдай бұрын хан ордасы болғанын айғақтайтын жәдігерлер де табылды. «Хан қорғанда» билік құрған ең соңғы хан Абылай болған екен.   «Хан қорған» туралы айтылатын аңыз көп. Абылай хан саясында отырған тал, ол демалған тұсты ақсақалдар бүгінге дейін көрсете алады. Биктігі – 9 метр, аумағы 3 гектардан асатын көне қалашықта былтыр басталған қазба жұмыстары археологтарға көп дерек тауып берді. Ең үстіңгі қабаттан Абылай ханның өмір сүрген кезіне тиесілі көп жәдігер табылған. Олар тарихшылардың талқысынан өтті.   Археологтар қалашақтың ең төменгі қабатынан үлкен қорғанның негізін тауыпты. Ол Қытай жылнамасында айтылатын Дулат ханның ордасы болуы мүмкін екені айтылады. Одан берідегі жәдігерлердың көбі 10-шы ғасырларға тән. Бертінде де мұнда қайнаған өмір болған.   Тарихшылар мұрағаттан Абылай ханның осында өмірден өткенін растайтын құжаттар тауыпты. Сосын денесін Түркістанға алып барып жерлеген. «Хан қорған» ауылында дүниеге келген зиялы азамат.   Қазір «Хан қорғанды» келешекте ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру жоспары қарастырылып жатыр.

3121 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper