Анонс


Павлодар облысында ескерткіштер мен мемориалдық тақталар есептеледі

Сейсенбі, 18 Тамыз 2015 10:56
Павлодар облысында ескерткіштер мен мемориалдық тақталар есептеледі KAZMUSEUM.KZ -  

Павлодар облысында жыл соңына дейін ескерткіштер мен мемориалдық тақталардың бірыңғай базасы құрылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Бұл туралы өңірдегі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Айнұр Сәрсенбаева хабарлады.

- Мәдениет саласында мемлекеттік және облыстық маңыздағы ескерткіштер реестріне енгізілмей қалған нысандарды жүйелендіру, сондай-ақ балансқа алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда Павлодар қаласында мемлекет қамқорына алынбаған 11 ескерткіш бар, - дейді басқарма басшысы.

 Ведомствоның мәліметінше, облыста 714 ескерткіш, мемориалдық тақта және монумент бар. Олардың 283-і есепке алынып, тарихи-мәдени маңызға ие.

- Ескерткіштер туралы мәліметтерді жүйелендіру ісіне сүбелі үлес қосқан өлкетанушы Эрнест Сколкинге зор алғысымды білдіргім келеді. Бірлескен жұмыс нәтижесінде мәдени нысандардың базасы жасалып, кітап ретінде басылып шығарылды. Қызметтік қолданысқа арналған кітап Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде бар. Бүгінде Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестерімізге арналып соғылған ескерткіщтерді есепке алу жұмыстары қолға алынған, - дейді А. Сәрсенбаева.

 
3409 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper