Анонс


Ұлытаудағы тарихи ескерткіштердің саны белгілі болды Таңдаулы

Бейсенбі, 30 Шілде 2015 12:08
Ұлытаудағы тарихи ескерткіштердің саны белгілі болды KAZMUSEUM.KZ -  

Тарихшылардың зерттеуі бойынша Ұлытауда өңірінде тарихи ескерткіштердің саны 10 мыңнан асады. Бұл жөнінде ОКҚ-нің брифингінде «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің директоры Бахтияр Қожахметов айтты.

- Қарағанды облысы жеріндегі археологиялық қазбалардан табылған заттар, жазба деректердегі мәліметтер, Орта Азия, Шығыс және Орталық Еуропа, Алтай, Орал өңірі, Еділ бойы, Орта және Таяу Шығыс халықтарының тарихи тамырластырған, Еуропа мен Азияның байланысын тығыз көрсетеді. Көне көшпенді және отырықшы халықтардың тығыз және жемісті байланыстарының жаршысы Ұлытау мекені болып табылады. Ұлытау Алтын Орданың алғашқы орталығы болып, дәл осы жерде қазақ, ноғай, қырым, қазан, өзбек хандықтарының шығуына негіз жасалды. Мәдениеттің өзара әсері жалпы адамзат өркениетіндегі заңды құбылыс екендігіне бұл жердің археологиялық дәйектері де айғақ, - деді «Ұлытау» қорық-музейінің директоры.

Ұлытау өңірінде бүгінгі күні ресми ескерткіштердің тіркеуінде 336 ескерткіш бар екендігін айтқан ол:

- Бірақ археологтар мен тарихшылардың зерттеуі бойынша Ұлытаудың бүкіл ескерткіштерінің саны 10 мыңнан асады. Соңғы үш жылда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және әкімдіктің көмегімен Ұлытауда археологиялық ескерткіштерге көптеген жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Ұлытаудың Қазақстан тарихындағы орны туралы өткен жылы Елбасы «Ұлытаудағы сұхбатында» айтып өткен болатын. Егер біз бұл мекенді ұлтымыздың бесігі, Қазақ хандығының құрылған жері, үш жүздің басы бірінші рет қосылған жер, Қазақ хандығының ордасы деп танитын болсақ Ұлытауға аудан, облыс, республика деңгейінде арнайы бағдарлама болу керек. Өйткені бұл жердің тарихы зерттеліп, ескерткіштері насихатталуына жағдай жасалуы тиіс деп ойлаймын, - деп атап өтті.

 

Айнұр РАКИШЕВА, baq.kz 

 
4675 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper