- «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Тараз жерінде орын тепкен ұлттық тарихнамадағы ерекше орны бар 15 тарихи мұра қайта жаңғыртылды. Кешенді археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылып «Ежелгі Тараз» музей кешені салынуда, қала және ежелгі қаланың ортасында орналасқан тарихи жәдігерлеріміздің инфрақұрылымдарын қайтадан жаңғырту, қайтадан салу мен жетілдіру сынды ауқымды шаралар қолға алынып жатыр, - деді Тәкен Молдақынұлы.
Айта кетейік, 2014 жылы ЮНЕСКО-ның шешіміменен жалпы адамзатқа ортақ құндылықтар тізіміне енген қазақстандық тарихи мұраның бесеуі Тараз жерінде орналасқан.
Айнұр РАКИШЕВА, baq.kz