Анонс


Дархан Мыңбай Астанада жаңа ескерткіш салуды ұсынды Таңдаулы

Бейсенбі, 02 Шілде 2015 18:42
Дархан Мыңбай Астанада жаңа ескерткіш салуды ұсынды KAZMUSEUM.KZ -  

Астанада қаласында елорданың алғашқы құрылысшыларына арнап ескерткіш тұрғызған дұрыс. Бұл пікірді бүгін ҚР Ұлттық музейінде өткен «Астана сәулеті: бүгін, ертең» атты дөңгелек үстел кезінде музей директоры Дархан Мыңбай айтты.

«Елордасын Алматыдан Астанаға көшіру Президентіміздің стратегиялық тұрғыдан маңызды шешімдерінің бірі болды. Алғаш рет өзі бастап 1992 жылы осы идеяны көтерген болатын. Астананы ауыстыру тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы батыл қадам болғаны анық. Бұл арман жүзеге асты. Бүгінгі күні көркейген қаланың дамуына бәріміз куәміз. Қала өте жылдам дамып келеді. Қарыштап келе жатқан Астананың атауы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев пен қаланың іргетасын қалаған құрылысшылармен тығыз байланысты.  Мемлекет басшысының идеясын жүзеге асыруға зор еңбек қосқан құрылысшыларымызға Астана төрінен ескерткіш қойса жарасар еді», - деді Дархан Мыңбай.

Музей директорының бұл ұсынысына отырысқа қатысқан сәулетшілер қолдау білдірді. Сондай-ақ, басқосу барысында Еуразия континентінде пайда болған жас Астананың әлемдік архитектурадан алатын орны, құрылыс кешендерінің өзіне тән ерекшеліктері және қаланың болашақтағы даму жоспары талқыланады.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
2414 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper