Ерлан Тынымбайұлы «Таңбалы» кешенін аралап, петроглифтерді сақтау және қорғау жағдайымен танысты. Мемлекеттік кеңесшімен кездесу кезінде музей-қорық мамандары тарихи-мәдени мұраны сақтаудағы өзекті тақырыптарды қозғады. Атап айтқанда, Таңбалы аймағында басқа да петроглифтер шоғырланған аумақтар – Аққайнар, Басбатыр, Серіктас, Қарақыр және сол сияқты өзгеде жартас суретті шоғырланған археологиялық аймақтарды қорғау мәселесі көтерілді.
Айта өтейік, 2024 жылғы 14-15 наурыз аралығында Атырау қаласында өткен ІІІ Ұлттық құрылтай отырысындағы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстанды «Таңбалы тастар мекені»» деп баға берген болатын. «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы — Алматы облысы Жамбыл ауданында орналасқан. 21 жылдан астам уақыт бойы көпшілікке музей-қорық ретінде қызмет көрсетіп келеді.
Таңбалы – Орталық Азиядағы жартастағы өнердің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енгізілген бірінші ескерткіш.