Анонс


«Ғұн-сармат кезеңі ескерткіштерінің архитектоникалық және кеңістікті сараптамасы» жобасы бойынша археологиялық барлау жұмысы

Сәрсенбі, 10 Ақпан 2021 02:27
«Ғұн-сармат кезеңі ескерткіштерінің архитектоникалық және кеңістікті сараптамасы» жобасы бойынша археологиялық барлау жұмысы KAZMUSEUM.KZ -  

 Ақтөбе облысының батыс бөлігі зерттеуге жататын негізігі аумақ болып табылады. Барлау жұмыстарының көбі Ойыл ауданында, Көптоғай ауылдық округі аумағында жүргізілді. Археологиялық барлау жұмысы нәтижесінде Ойыл өзенінің сол жағалауындағы ескерткіштер Самбай-I, Шөптікөл-I и II, Ақшатау-II и IV, Көптоғай-I-IV және т.б. Ескерткіштердің дені судан жоғары жерде орналасқан және топырақтан үйілген жерлеу және ғұрыптық нысандарының ірі кешенінен тұрады.

Жұмыс мақсаты — б.з II-IV ғ. ғ. жерлеу-ғұрыптық кешендерін анықтау және тіркеу, осы кезең ескерткіштерінің шоғырлануы басым микроаудандарын анықтау.

 Қорымдар қорғандар, гантель тәріздес және төртбұрышты құрылыстар т.б. тұрады. Қорымдардың көбі өзенді жағалай созыла орналасқан, нысандар шынжырлы реттілікті құрайды.

 Аудандағы ескерткіштердің картографиялық зерттеуі барысында олардың Ойыл өзені мен салаларына байланысты екені анықталды. Аумақ картасындағы ғұн-сармат кезеңінін ескерткіштері төрт топты құрады. Негізгі ірі тобы Ақшатау, Көсембай және Қоңырат (Ойыл өзені) ауылдары аумағында орналасқан.  Екінші топтағылар Қиыл өзенінің оң жақ бөлігіндегі Шиқұдық ауылында. Үшінші тобы Ойыл ауданының солтүстік бөлігінде, Жақсыбай өзені салалары мен сайларды бойлай топтасқан.  Төртінші топтағы ескерткіштер биыл зерттелді және Ойыл ауданының батыс бөлігінде орналасқан.

 Ойыл ауданы ескерткіштері Қазақстанның орталық аймағынан басталып, солтүстік-батыс бағыттай Орал өзеніне және батысқа  қарай созылған ғұн-сармат кезеңінің ескерткіштерінің жалғасы екені белгілі. Бір қызығы, облысымыздың солтүстік және оңтүстік аудандарда бұл ескерткіштердің саны азаяды және қорғандар жеке өз алдына топтарды құрамайды. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында б.з II‑IV ғ. ғ. жататын ескерткіштер шоғырланған бірнеше микроаудандар белгіленген.

  Ғарыштық фотосуреттерді бажайлау, аэрофотосуреттер мен қорым нысандарындағы қазба жұмыстарынан Батыс Қазақстан аумағында б.з II‑IV ғ. ғ. кейінгісарматтық аталатын өзіндік мәнге ие мәдениетті мұраға қалдырған ірі тайпалық одақтардың өмір сүрген орны екендігі анықталды.

 

 Аслан МАМЕДОВ, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері, археолог

2050 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper