Анонс


Ұлттық музей ұйымдастырған байқау жалғасуда

Дүйсенбі, 29 Маусым 2015 21:53
Ұлттық музей ұйымдастырған байқау жалғасуда KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ұйымдастырған «Тарихи фотосуреттер» республикалық  фотобайқауы жалғасуда,  деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Байқау Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып отыр. Байқаудың мақсаты – қазақ тарихының аса маңызды оқиғаларына қоғам назарын аудару, осы арқылы жас ұрпақтың туған елінің болашағы мен төл тарихына деген құрметін арттыру. Фотобайқау 2015 жылғы 18-ақпаннан 30-қазанға дейін жүргізіледі, ал жеңімпаздарды марапаттау 2015 жылғы 20-қарашада өтеді. Байқау жүлдесі – 1-орын 200 мың теңге (оған қоса, 1-орын иегерінің фотоларынан Ұлттық музейде жеке фотокөрме ұйымдастырылады), 2-орын 200 мың теңге, 3-орын 100 мың теңге. Байқау қорытындысына сәйкес Ұлттық музейде тарихымыздағы атаулы даталардың фотоқұжаттар мұрағаты жасалатын болады.

Байқаудың шарттары:

1. Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар қатыса алады, жасына шектеу қойылмайды.

2. jpg (jpeg) форматындағы түпнұсқа фотосуреттер қабылданады. Көлемі 300*1200-дан кем болмауы керек.

3. Байқауға ақ-қара түсті суреттер де қабылданады.

4. Фотоколлаж, арнайы эффектілермен өңделген фотосуреттер қабылданбайды.

5. Байқауға сапасыз, талапқа сай келмейтін фотосуреттер қатыстырылмайды.

6. Байқауға қатысушы әрбір тақырып бойынша 3 фотосуреттен, барлығы 12 фотосурет жолдауы тиіс.

7. Фотосуреттер қатысушы жайлы толық ақпаратпен (аты-жөні, тұрғылықты жері, жұмыс орны, байланыс телефондары, фотосуреттің тақырыптық атауы, қайда, қашан түсірілгені туралы т.б.) қоса электронды поштамызға жіберілуі тиіс. Email: ulttyqmuzei@mail.ru 

 

 
2332 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper