Анонс


«VI Есік оқулары» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді

Жұма, 29 Тамыз 2025 13:26
«VI Есік оқулары» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Республикалық «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен ҚХР Сиянь қаласындағы Шәнши археологиялық институтымен бірлесіп, көрнекті археолог Б.Нұрмұханбетовтың 90 жылдығына, «Алтын адамның» ашылғанына 55 жыл,  «Есік» музей-қорығының құрылғанына 15 жыл толуына орай «Археология саласындағы халықаралық зерттеулер: тәжірибе, нәтижелері мен басым бағыттары» тақырыбындағы халықаралық «VI Есік оқулары» ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференцияның өтетін жері мен уақыты: 23 қазан 2025 жыл, сағат 10:00, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы (Есік қ. Алматы облысы).

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Қазіргі археология мәселелері және даму бағыттары.
  2. Бекмұханбет Нұрмұханбетовтың Қазақстан археологиясына қосқан үлесі.
  3. Мәдени мұра саласындағы халықаралық тәжірибе алмасу;
  4. Қазіргі заманғы музей ісі: тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелері, цифрландыру және виртуалды көрмелер;

Конференция қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде өтеді.

Конференция форматы: оффлайн және онлайн.

Конференцияға қатысу үшін 2025 жылғы 10 қазанға дейін  қатысу өтініші мен баяндама мәтінін мына электронды поштаға esikoqulary@gmail.com жіберу керек.

Конференция материалдары жинақ болып шығады. Мақаланы рәсімдеу үлгісі қосымшада көрсетілген.

Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары жіберуші жақ есебінен төленеді.

 

Қосымша 1

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Редакциялық алқа автордың бұрын еш жерде жарияланбаған ғылыми мақаласын және ілеспе құжаттарды электронды нұсқада қабылдайды.

Автордың талаптарға сәйкес рәсімделген мақаласы (doc, docx, rtf) электрондық форматта болуы тиіс. Автор келтірілген тарихи деректердің, дәйексөздердің, статистикалық және әлеуметтік деректердің, жеке атаулардың, географиялық атаулардың және басқа да мәліметтердің іріктелуі мен нақтылығына жауап береді.

Мақала мәтіні көлемі 5 беттен кем емес (негізгі мәтін, әдебиеттер тізімі, суреттер мен кестелерге арналған жазбалар) * doc, * docх форматында қабылданады. Times New Roman 12 қаріппен теріліп, жоларалық интервал –1 см, жоғарғы, төмен жиектері – 1,5 см., сол жақ – 3 см., оң жақ – 2 см., азат жол – 1,20 см болып рәсімделеді. Негізгі мәтін Word редакторында теріледі. Стиль біркелкі болу үшін мәтінде шрифтік бөлу қолданылмайды (курсив, сызу, т.б.).

Иллюстрация бөлек файл түрінде жіберіледі. Иллюстрация jpg (300 немесе 600 dpi) немесе tiff форматында беріледі. Суреттер, кестелер, графиктер, сызбалар және т.с.с. тікелей нөмірде және тақырыпты көрсете отырып келтіріледі (мысалы, 1-сурет - Сурет тақырыбы 10 кегельмен беріледі). Суреттер, кестелер, графиктер мен сызбалардың саны мақаланың барлық көлемінің 20% -нан аспауы керек (кейбір жағдайларда 30% дейін).  

Бірінші жолдың ортасынан автордың аты мен тегі, ғылыми дәрежесі (т.ғ.к.), екінші жолға жұмыс орны, үшінші жолға электронды поштасы (бар болған жағдайда ORCID, МРНТИ берілуі қажет), төртінші жолға қала, мемлекет көрсетіледі, баяндама атауы қанық қаріппен, үлкен әріппен ортаға жазылады. Әрі қарай мақала қазақ тілінде болса аңдатпа ағылшын, орыс тілдерінде, орыс тілінде болса, қазақ, ағылшын тілдерінде, ағылшын тілінде болса, қазақ, орыс тілдерінде аңдатпа жазылады. Аңдатпа 100-150 сөз көлемінде 12 шрифтпен, мақаланың атауынан кейін келеді. Түйін сөздер іздеу жүйелерінде мақаланы индекстеуге ықпал ететін 5-10 ға дейінгі түйін сөздерді көрсету қажет.   

Мәтін азат жолдан басталады. 

Мақала ішіндегі деректерге сілтеме жәй жақшада жасалады (аты-жөні, жылы, беті). Мысалы: (Нурмуханбетов, 2012: 150-159). Сілтеме бірнеше авторға жасалған жағдайда алғашқы үш автор көрсетіледі.

Әдебиеттер тізімі баяндама соңында алфавит ретімен 12 шрифтпен беріледі. Әдебиеттер тізімі альфавиттік тәртіппен (автордың тегі мен аты-жөні, әдебиеттің атауы, баспасы, шыққан жылы, беттері) түпнұсқа тілінде жасалады.

Талапқа сай рәсімделмеген мақалалар редакция алқасының шешімімен жинаққа енгізілмейді. Конференцияға қатысу үшін үлгіде көрсеткен өтінімді талапқа сай толтырып жіберулеріңізді сұраймыз. 

  

Қосымша 2 

КЕМАЛ АҚЫШЕВТЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ «ЕСІК» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНДА КӨРІНІС ТАБУЫ

 

Мухтарова Гүлмира Райылқызы

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры, т.ғ.қ.

railovna@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-4411-0204

Есік, Қазақстан

Аннотация (орыс тілінде)

Abstract (ағылшын тілінде)

Түйін сөздер:

МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН (Нурмуханбетов, 2012, 150-159)

 

Пайдаланған әдебиеттер:

Айтқұл Х. А. «Есік» музей-қорығының 2022 жылғы археологиялық ғылыми ізденіс жұмыстарының қысқаша қорытындылары // «Орталық Азияның жазба ескерткіштері (аударма және интерпретациялау мәселелері)» атты «ІІІ Есік оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары / жауапты ред Г.Р. Мухтарова. (22 қараша 2022 ж). Алматы: ЖК «WEST», 2022, 173-183 бб.

Акишев А. К. Искусство и мифология саков. – Алма-Ата: Наука. 1984. – 77-76 с.

 

Халықаралық конференцияға қатысты сұрақтар, кеңестер мен мақалаларыңызды төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауларыңызды сұраймыз.  E-mail: esikoqulary@gmail.com

 

 Қосымша 3

«Археология саласындағы халықаралық зерттеулер: тәжірибе, нәтижелері мен басым бағыттары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушының ӨТІНІМІ

 

Тегі, аты, әкесінің аты (толығымен)         

Лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы         

Қызмет орны

Қала, мемлекет        

Байланыс телефоны

E-mail

Мақаланың тақырыбы        

Қатысу форматы (оффлайн / онлайн)      

317 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper