Анонс


Музей ісінің мәселелері және мүмкіндіктеріне арналған конференция өтеді

Бейсенбі, 21 Қараша 2024 15:57
Музей ісінің мәселелері және мүмкіндіктеріне арналған конференция өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы 2024 жылғы 13 желтоқсанда «Музей – тарих айнасы: қазіргі музей ісінің мәселелері және мүмкіндіктері » тақырыбында онлайн конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференция жұмысының  негізгі бағыттары:

- Музей қорын қалыптастыру және цифрландыру;

- Мәдени мұраны реставрациялау және консервациялау;

- Музей ісіндегі ақпараттық технологиялар мен жаңа көзқарастар;

- Музей ісіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары;

- Ақышевтың Отырар музейінің қалыптасуына қосқан үлесі.

Коференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференция  форматы:  онлайн.

Қатысу формасы:

1. Тыңдаушы ретінде қатысу;

2. Баяндамашы ретінде қатысу.

Конференцияға қатысуға ниет білдірушілер 2024 жылғы 8 желтоқсанға дейін мына ақпаратты ұйымдастыру алқасына ұсыну керек:

- берілген форма бойынша қатысуға өтініш білдіру;

- төменде берілген талаптарға сәйкес рәсімделген баяндаманың (баяндамалардың) тезистері.

Конференция жинағына мақалалар 2024 жылғы 10 желтоқсанға дейін қатысу өтініші мен баяндама мәтіндері келесі  мекен-жай бойынша қабылданады:

Инд: 160700,Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы, №1 үй. «Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК.

Электронды мекен-жайы (е-mail): kuanysh_shokaev_84@mail.ru

Конференция материалдары жинақ болып шығады. Жинақ авторларға конференция өткеннен кейін  таратылады. Мақаланы рәсімдеу үлгісі қосымшада көрсетілген.

Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары жіберуші тараптан төленеді.

 

Баяндамаларды рәсімдеуге арналған талаптар

А4 (210х297 мм) форматындағы 8 толық беттен аспайтын, оның ішінде суреттер және кестелер көлеміндегі тезис мәтіні Microsoftword (құжат кеңейтімі: .doc) мәтіндік редакторда TimesNewRoman (KzTimesNewRoman, Times/Kaz және т.с.с.) қарпімен, өлшемі – 12, интервалы – дара, өрісі: барлық жағынан 2,5 см., шегініс маржасы 0,8 см. талаптарына сәйкес терілуі тиіс. Қайнар көздерге сілтеме төртбұрыш жақшаларда [1, 24 б.] беріледі, сілтемелерді нөмірлеу мәтін бойында үздіксіз болуы тиіс. Толық библиографиялық тізім мәтіннің соңында бір интервал арқылы беріледі.

Тезистердің мәтіні жақсы сапамен басып шығарылған (парақ нөмірін көрсетілуі қажет) қағазда бір данада және электронды түрде ұсынылуы тиіс. Өзге қаланың қатысушылары үшін тек электрондық пошта бойынша рұқсат етіледі.

Электронды нұсқадағы өтініш, баяндама тезистері бойынша құжаттардың көшірмесі жеке файлдармен ұсынылады. Файлдардың атауында бірінші бетте ортада автордың тегі, ұйымның қысқартылған атауы және құжаттың атауы көрсетілуі тиіс.

Мәтін түзетілмейді және түпнұсқа болып табылады. Конференция материалдарының жинағы тікелей көшіру әдісімен алынады. Сондықтан, жоғарыда көрсетілген барлық талаптарға сәйкес болуын мұқият өңделген түрде материалдарды ұсыну қажеттілігіне назар аударамыз.

Талаптары сақталмаған немесе белгіленген мерзімнен кейін берілген, сондай-ақ жариялауға ғылыми мүдде бермейтін құжаттардың тезистері қабылданбайды.

 

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫНЫҢ ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

1) Аты-жөні (толық):        

2) Мекеменің аты (толығымен):

3) Қызметі:  

4) Баяндама (мақала) тақырыбы:         

5) Ғылыми дәрежесі:         

6) Байланыс телефоны:    

7) Электрондық поштасы:          

8) Автордың мекен-жайы:         

Ұйымдастыру алқасының мекен-жайы:

Инд: 160700,Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы, №1 үй. «Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК.

Сұрақтар мен ұсыныстар бойынша хабарласу үшін: 8(72544) 21-1-50

528 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper