Марапаттау салтанаты «Музей түні - 2024» акциясының аясында өтіп, музей ісінің дамуына үлес қосқан бірқатар қызметкер арнайы номинациялармен марапатталды. Атап айтқанда:
«Жылдың үздік әкімшілік басқару қызметкері – 2024» номинациясының иегері Бас қор сақтаушы Үміт Алиякпарқызы
«Үздік зерттеуші – 2024» номинациясының иегері бір жылдың ішінде 2 монография, 10 ғылыми мақала жариялаған Музейлік деректану және қолжазба бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Нұрлан Әділбекұлы Атығаев
«Үздік бөлім меңгерушісі – 2024» номинациясының иегері Баспасөз бөлімінің жетекшісі Айнұр Мәулен
«Үздік лектор – 2024» номинациясының иегері Археология бөлімінің қызметкері Сабыржан Балмағамбет
«Үздік қор сақтаушы маман – 2024» номинациясының иегері Нұршат Нұрмұханбетқызы
«Үздік суретші-экспозиционер – 2024» номинациясының иегері Айгүл Мусина
«Жылдың үздік музей қараушы – 2024» номинациясының иегері Әсем Бекқызы
Айта өтейік, ҚР Мемлекеттік Орталық музейі – бастауын 1830 жылдары Орынборда құрылған музейден алатын, қоры бүгінгі күні 300 мыңнан асатын, Қазақстан музейлерінің арасында ғылыми жұмыстар бойынша көшбасшы ретінде танылған музей.