Анонс


Маңғыстау музейі конференцияға шақырады Таңдаулы

Сәрсенбі, 10 Сәуір 2024 14:59
Маңғыстау музейі конференцияға шақырады KAZMUSEUM.KZ -  

Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі 2024 жылғы 10-11 қазан аралығында өтетін көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақстанның Еңбек ері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығына арналған «Ә.Кекілбайұлы оқулары - 2024» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары: 

  1.Ә.Кекілбайұлы шығармаларындағы Отандық тарих мәселелері;

  2.Ә.Кекілбайұлы мұрасы музей қызметі контексінде;

  3.Ә.Кекілбайұлы – қоғам және мемлекет қайраткері;

  4.Ә.Кекілбайұлының әдеби шығармашылық мұрасы.

Өткізу форматы: онлайн/офлайн.

Өткізілу орны: Ақтау қ., 34 шағын ауданы, «Достық үйі».

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Конференцияға қатысу үшін өтінім және мақалалар электронды түрде мына мекенжай бойынша қабылданады: kekilbaiuly_okulary2024@mail.ru

Қабылданған мақалалар конференция материалдарының жинағы кітап түрінде және  электронды форматтажарияланатын болады. Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына, ғылыми стандарттарға немесе техникалық талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы. Жарияланым мәтінін редакциялауды көздемейді. Автор ұсынылған мақала бойынша ғылыми және зерттеу этикасының сақталуына жауапты.

Конференцияға қатысушылардың шығындары жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады.

Электронды нұсқада мақалалар 2024 жылғы  шілде айының 10-на дейін қабылданады.

 Байланыс телефоны: 87292-30-28-50, 8 706 637 04 87;

 

Ескерту: Төмендегі үлгіні толтырған соң жоғарыда көрсетілген электронды поштаға жіберулеріңізді сұраймыз: «Ә.Кекілбайұлы оқулары-2024» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін

 

Өтініш

Аты-жөні  

 

Мекемесі

 

Факультеті (ЖОО үшін)

 

Кафедрасы (ЖОО үшін)

 

Ғылыми атағы/дәрежесі

 

Ұялы телефоны

    ........................................................... 

Мекен-жайы

 

E-пошта  

 

Баяндама тақырыбы

 

                             

МАҚАЛАНЫ  РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ

  1. MS WORD редакторында көлемі 5-6 беттен аспайтын баяндама мәтіні (6.0 немесе 7.0). Жалпы көлемге иллюстрациялар, қосымшалар және дереккөздердің тізімі кіреді. Файлға төмендегідей атау беріледі: мысалы: автордың аты-жөні (аты-жөнінің инициалдары, тегі)_мақаланың атауы;
  2. Қаріп – Times New Roman; Кегль 14; жоларалық интервал – дара, жиектері: сол жағы – 3 см, қалған жақтары – 2 см. Абзац шегінісі автоматты түрде орнатылады (қызыл жол 1,25 см).
  3. Беттің жоғарғы жағында бас әріптермен баяндаманың атауы (қою қаріппен), оның астында бос орын арқылы аты-жөнінің бас әріптері, тегі, жұмыс орны беріледі;
  4.  Түйіндеме қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде курсивпен жазылады (100 сөзден артық емес);
  5. Кілт сөздер (5-тен көп емес);
  6. Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі мақала мәтінінің соңында көрсетіледі. Мәтін ішіндегі сілтемелер тік жақшаға алынады [1, 98–99б.], егер сілтемеде бірнеше дереккөзді көрсету қажет болса, олар жақшада нүктелі үтір арқылы беріледі: [2, 1-б.; 109, 99-100 бб.].
  7. Иллюстрациялар (сапалы қара-ақ суреттер және кемінде 300 dpi кеңейтімі бар айқын фотосуреттер) жеке файлдармен ұсынылады (.jpg немесе .tif), оның атауында автордың тегі және сурет нөмірі көрсетіледі.
  8. Егер мәтінде немесе дереккөздер мен әдебиеттер тізімінде қысқартулар болса, онда мақаланың соңында арнайы қысқартулар тізімінде олардың толық атауы берілуі керек.
609 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper