Анонс


«Рухани қазына – 2023» фестивалінің жеңімпаздары белгілі болды

Жұма, 01 Желтоқсан 2023 12:28
«Рухани қазына – 2023» фестивалінің жеңімпаздары белгілі болды KAZMUSEUM.KZ -  

Бүгін Астанада «Рухани қазына – 2023» фестивалінің жабылу салтанаты өтіп, жеңімпаздарды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі дипломдармен және ақшалай сыйлықпен марапаттады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Фестиваль аясында 2 күн бойы музейлер мен музей мамандары сайысқа түсіп, жетістіктерімен бөлісті. Республика көлемінде өткен сайысқа «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Сәуле Бөкейханқызы Бөрібаева, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, музейтанушы Нұрсерік Жолбарысұлы Жолбарыс, ҚР Ұлттық музейі ғылыми хатшысы,  тарих ғылымдарының кандидаты Саялбек Махамбетұлы Ғиззатов қазылық етті.

Қазылар алқасының шешімімен төменде аталған музейлер мен музей мамандары жүлделерге лайық деп танылды:

«Үздік облыстық маңызы бар музей» номинациясына Түркістан облысы «Ұлы Дала Елі» орталығы лайық деп танылып, 1 000 000 (бір миллион) теңге тағайындалды;

«Үздік аудандық маңызы бар музей» номинациясына Алматы облысының Сүйінбай Аронұлының әдеби-мемориалды музейі лайық деп танылып, 1 000 000 (бір миллион) теңге тағайындалды;

«Үздік ауылдық маңызы бар музей» номинациясына Қарағанды облысының Долинка кентінің саяси қуғын сүргін құрбандарын есте сақтау музейі лайық деп танылып,  1 000 000 (бір миллион) теңге тағайындалды;

«Облыстық маңызы бар музейдің үздік қызметкері» номинациясына  Ақмола облысы Әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкері Бахытбек Бекмұратұлы лайық деп танылып, жеке табыс салығын есептегенде 500 000 (бес жүз мың) теңге тағайындалды;

«Аудандық маңызы бар музейдің үздік қызметкері» номинациясына Қызылорда облысы Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Әзірбек Ілиясбекұлы Бақтыбаев лайық деп танылып, жеке табыс салығын есептегенде 500 000 (бес жүз мың) теңге тағайындалды;

«Ауылдық маңызы бар музейдің үздік қызметкері» номинациясына Алматы облысының музейлер бірлестігінің Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің жетекшісі Мейіржан Бахытжанұлы Мұсабаев лайық деп танылып, жеке табыс салығын есептегенде 500 000 (бес жүз мың) теңге тағайындалды;

Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы құрметіне орай тағайындалған арнайы жүлдеге  Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі лайық деп танылып, жеке табыс салығын есептегенде 300 000 (үш жүз мың) теңге тағайындалды.

 

1109 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper