Анонс


«Рухани қазына-2023» фестивалінің музей ісі бойынша бағдарламасы

Жексенбі, 26 Қараша 2023 17:31
«Рухани қазына-2023» фестивалінің музей ісі бойынша бағдарламасы KAZMUSEUM.KZ -  
Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына  -2023» фестивалін ұйымдастыру комитеті фестиваль бағдарламасын жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. Назарларыңызға фестивальдің музей ісі бойынша бағдарламасын ұсынамыз.
«Рухани қазына  -2023» фестивалінің ашылу салтанаты 2023 жылғы 27 қараша күнгі сағат 15.00-де Астана қаласында ҚР Ұлттық музейінің үлкен конференц залында өтеді. 
 
БАҒДАРЛАМА
 
27 қараша
 
16.00-18.30 аралығында Қазылар алқасының отырысы. Отырыста номинациялар бойынша үміткерлер жұмыстарын қорғайды;
 
28 қараша
 
10.00–13.30 аралығында Қазылар алқасының отырысы. Отырыста номинациялар бойынша үміткерлер жұмыстарын қорғайды;
 
13.30-15.00 аралығында түскі үзіліс;
 
15.00-18.30 аралығында Қазылар алқасының отырысы. Отырыста номинациялар бойынша үміткерлер жұмыстарын қорғайды;
 
29 қараша
 
10.00–13.30 аралығында Қазылар алқасының отырысы. Отырыста номинациялар бойынша үміткерлер жұмыстарын қорғайды;
 
13.30-15.00 аралығында түскі үзіліс;
 
15.00-16.30 аралығында ҚР Мәдениет саласының үздігі, музейтанушы Нұрсерік Жолбарысұлы Жолбарыстың мастер-класы;
 
16.30-18.00 аралығында ҚР Ұлттық музейінің ғалым хатшысы Саялбек Махамбетұлы Гиззатовтың мастер-класы;
 
30 қараша
 
11.00-13.00 аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет Комитетінің төрағасы Күміс Қарсақбайқызы Сейітованың мастер-класы;
 
13.30-да Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде экскурсия;
 
1 желтоқсан
 
12.00-де Фестивальдің жабылуы (марапаттау рәсімі, гала-концерт) ҚР Ұлттық музейінде өтеді. 
1023 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper