Конференция мақсаты: әскери тарих пен әскери өнерді дамыту мәселелерін және әскери мұраны зерттеудегі мәселелерді қарастыру.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
1. Тәуелсіздікті қорғаудағы қазіргі Қазақстан армиясы (С. Нұрмағамбетовтің 100 жылдығы).
2. Қарулы Күштердің жауынгерлік дәстүрлері негізінде жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу.
3. Ұлы Даланың әскери тарихын заманауи зерттеу тәжірибесі (Ақтабан шұбырынды, Алкакөл сұлама: 1723-1727 жж.).
4. Қазақ хандығының әскери ұйымын зерттеу мәселелері (Орбұлақ шайқасының 380 жылдығы негізінде).
5. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихы (XVIII-XIX ғасырлардағы ұлт – азаттық көтерілістер.)
6. Екінші дүниежүзілік соғыстағы фашизмге қарсы ортақ жеңіске Қазақстанның қосқан үлесін зерттеудің өзекті мәселелері.
7. Қару-жарақтың даму тарихы: ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейін.
8. Әскери музейлерді дамытудың заманауи мәселелері: жинақтау, музейлендіру, тарихи материалдарды ұсынудың заманауи нысандары, мұрағаттық құжаттарды пайдалану.
9. Архив жұмысының өзекті мәселелері.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Қатысу шарттары
Конференцияға қатысуға шетелдік және қазақстандық ғалымдар – әскери тарих, археология, этнография, мұрағат ісі, музейтану саласындағы зерттеушілер, қоғам және саяси қайраткерлер шақырылады.
Конференция жұмысы off-line форматында жоспарланған. Тіркелу және конференцияға қатысу үшін сілтемелер қосымша жіберіледі. Конференция материалдары электронды жинақта жарияланады және конференцияға қатысушының мекен-жайына тегін жіберіледі.
Конференция offline форматта өткізілген жағдайда, басқа қаладан келген қатысушылар өз есебінен қатысады.
Конференцияның өтетін орны: Астана қаласы, Республика даңғылы 2, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі.
Конференцияға қатысу үшін қатысуға өтінім мен баяндаманы
2023 жылдың 10 қарашасына дейін ұйымдастыру комитетінің mhm.kazakhstan@gmail.com электрондық мекенжайына немесе музейдің 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі, факс: 8 (7172) 44 25 71 жіберу қажет. Үйлестірушілер: Ахметова Сандуғаш Рахымжанқызы, Күмісова Айгерім Оңалбайқызы, Шамахунова Азиза Аблекейкызы.
Конференцияға қатысушының өтініш үлгісі
Аты-Жөні |
|
Лауазымы |
|
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, әскери атағы |
|
Ұйым (толық атауы). |
|
Байланыс телефоны, электрондық мекенжайы |
|
Баяндама тақырыбы |
|
Презентация (егер PowerPoint - те болса) |
|
Презентацияға қажетті құралдар |
|
Конференцияға қатысу формасы (күндізгі, сырттай, on-line).
Баяндаманы дайындау кезінде авторлардан келесі ережелерді басшылыққа алуды сұраймыз:
Көлемі 7 бетке дейінгі баяндама мәтіндері Wоrd 97-2007 мәтіндік редакторында, Times New Roman қарпінде (қазақ тілінде – Times Kaz), 14 кегль, жоларалық интервал - 1, барлық жолдар - 20 мм терілуі тиіс.
Тақырыпты рәсімдеу: автордың аты – жөні (бас әріптермен, жолдың ортасына туралау), келесі жолда-ЖОО, мекеме, қала атауы (курсивпен туралау), одан әрі бір жолдан кейін мақала атауы (Бас қалың әріптермен, жолдың ортасына туралау), одан әрі бір жолдан кейін мақала мәтіні.
Суреттер, кестелер және графиктер МЕМСТ 7.32-2001 талаптарына сәйкес рәсімделеді. Слайдтарды қолданған жағдайда презентацияны бөлек файлмен жіберу қажет. Дереккөздерге сілтемелер мәтінде келтіріледі: тік жақшада әдебиеттер тізіміндегі нөмірі және беті көрсетіледі, мысалы: [1, 25-бет]. Әдебиеттер тізімі мақаланың соңында дәйексөз реті бойынша беріледі. Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған немесе талаптарға сәйкес ресімделмеген материалдар қаралмайды және авторларға қайтарылмайды.