Анонс


КОНКУРС: «Ордабасы» тарихи-мәдени қорығы директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жарияланды

Жұма, 04 Тамыз 2023 20:45
КОНКУРС: «Ордабасы» тарихи-мәдени қорығы директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жарияланды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің Мәдениет комитеті «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

1. Орналасқан орнын, пошталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

«Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылы, А.Жангельдин көшесі, 14/2 үй мекенжайында орналасқан, тел. 8 (72530) 4-62-30.

Кәсіпорын қызметінің мәні мәдениет саласында қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты оның құрамына кіретін тарихи-мәдени мұра объектілерін және олар орналасқан аумақтарды анықтау, зерделеу, қорғау және сақтау, түпнұсқалы мұражай коллекциялары негізінде көркем және ғылыми экспозицияларды жасау және оларды кеңінен тарату болып табылады. 

2. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, жаратылыстану пәндері бойынша, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызметтер (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

Мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, жаратылыстану пәндері бойынша, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес болуы тиіс.

3. Лауазымдық міндеттері:

Мекеменің өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, ұйым мүлкін сақтау және тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; ұйымның саясаты мен стратегиясын белгілейді, оның бөлімшелерінің музей қорын қалыптастыру, сақтау бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекет және қоғам мүддесі үшін қорғау және пайдалану бойынша жұмысын үйлестіреді; музейдің (музей-қорықтың) жоспарларын, бағдарламалары мен жобаларын жасау және жүзеге асыруға басшылық етеді, қызмет бағыттары бойынша олардың орындалуы жөнінде құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді; ғылыми-зерттеу қызметіне жетекшілік етеді, Қазақстан халқының мәдени құндылықтарын, тарихи-мәдени мұрасын насихаттау мен дәріптеуге бағытталған іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының және шет елдердің мәдениет және өнер ұйымдарымен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді; ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда жайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру бойынша шараларды қолданады; директордың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер мен филиалдардың жетекшілері мен мамандары арасында жұмыстың жекелей бағыттарын бөледі; шарттарды жасайды және бұзады, мәмілелер жасайды, сенімхаттар береді, қажетті есептілікті ұсынуды қамтамасыз етеді, бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда ұйымның мүддесіне өкілдік етеді; еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

4. Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін;«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексін; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын, ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.

5. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері (қосымшалармен);

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері немесе жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;

6) 075-у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) жеке куәліктің көшірмесі;

8) адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәлімет (кандидатпен EGOV арқылы алынады).

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 15 (он бес) күн ішінде 2023 жылғы «27» шілдеден бастап 2023 жылғы «10» тамызға дейін жүргізіледі.

6. Конкурстың өткізілетін күні мен орны:

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15кіреберіс, онлайн форматында.

Конкурс қатысушыларына әңгімелесу өткізу күні қосымша хабарланады.

Құжаттар қолма-қол немесе пошта арқылы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты,15-кіреберіс, 314 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.

Толық ақпаратты +7 (7172) 74-02-52, 74-05-66 телефондары бойынша алуға болады.

 

1038 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper