Форум жұмысының мақсаты: түркітілдес халықтардың этникалық тарихы мен мәдени мұрасын насихаттау.
Форум жұмысының міндеттері:
- түркітілдес халықтардың тарихи этногенезін, мәдениеті мен өнерін зерделеу мәселелерін өзектендіру;
- түркітілдес халықтардың тарихи-мәдени құндылықтарын дәріптеу: материалдық және материалдық емес (рухани) мұрасын зерттеу, зерделеу;
- «Наурыз»: сақтау және насихаттаудың жаңа нысандары мен тәсілдерін анықтау және зерделеу;
- мәдениет пен ғылым ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты жандандыру, ғылыми және мәдени-білім беру қызметі саласындағы дәстүрлі және инновациялық бағыттарды дамыту перспективаларын талқылау үшін бірыңғай алаң құру;
- Қазақстандық және шетелдік мамандардың күшімен түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерделеу бойынша бірлескен кешенді пәнаралық зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін айқындау;
- музей экспозициясы мен қор материалдары негізінде мәдени туризмді дамыту;
- музейлер арасындағы іскерлік байланысты қалыптастыру.
ФОРУМНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҒЫТТАРЫ:
1. Түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті: материалдық және материалдық емес мұраларды зерттеу және насихаттау;
2. Наурыз мерекенің тарихы мен салт-дәстүрін зерттеу;
3. Тарихи-мәдени мұраны зерттеу мен насихаттаудағы мәдениет мекемелері– музейлер, архив және кітапханалар – рөлі мен орны;
4. Музей жұмысының замануи инновациялық нысандарының ғылыми және практикалық аспектілері (музейлік цифрландыру және виртуализациялаудағы мемлекеттік есеп талабына сай келетін бірыңғай ережелер; web-қосымшалар; серверлік конфигурация; техникалық қамтамасыз ету және т.б.);
Сонымен қатар, форум аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылады:
Панельдік талқылау:
- Материалдық емес мәдени мұра құндылықтарын насихаттауға арнаған STARTUP-NAURYZ» жобасы (18-35 жастағы жас мамандар мен ғалымдардың жобалары);
- «Музей жұмысының замануи инновациялық нысандарының ғылыми-практикалық аспектілері»;
Музейлік тәжірибе алмасу:
- «Жеті қазына» әлеуметтік жобасының маңызы мен мәні;
- «Орталық Азия халықтарының XVIII-XIX ғғ. зергерлік бұйымдары» Азат Әкімбековтің жеке коллекциясы негізінде көрме.
Форумға ғылыми мекемелердің қызметкерлері, оқу орындарының оқытушылары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, музей, архив, кітапхана мамандары, жалпы түркі әлемінің тарихын, мәдениеті мен өнерін зерттеумен айналысатын жас ғалымдар, бакалавр, магистрлер, докторанттар және өзге де қызығушылық танытатын тұлғалар шақырылады.
Форум жұмысына қатынасу өтініші ұйымдастыру алқасының Forum-2023@bk.ru электрондық почтасы арқылы қабылданады.
Форум жұмысына арнайы шақырылған қонақтардың жол-шығындары мен қонақ үй құны ұйымдастырушылар есебінен төленеді. Ал, өзге қатынасушылардың барлық іс-сапар шығындары жіберуші жақ есебінен төленеді.
Өткізу нысаны: оnline, offline
Өтетін орны: Алматы қ., Самал – 1, 44 үй.
Өтетін күні мен уақыты: 14 наурыз 2023 жыл.
Байланыс телефондары: 8(727) 2644911 Арайлым Бақытқызы Балаева
ҰСЫНЫЛҒАН ФОРМА БОЙЫНША ӨТІНІШ
Аты-жөні (толық) __________________________________
Қызмет атқаратын мекеменің толық атауы: ____________
Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ____________________
Лауазымы: ________________________________________
Байланыс телефоны: _______________________________
Электрондық адресі:________________________________
Факс, E-mail _______________________________________
Мәдени (театр, филармония) шараға қатысу (иә, жоқ) ___
Алматы қаласындағы музейлерге экскурсия (15 наурыз, 0 9.00-13.00).