Анонс


Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі Алаш партиясы жайлы конференция өткізеді

Жексенбі, 26 Ақпан 2017 01:40
Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі Алаш партиясы жайлы конференция өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі Алаш партиясының 100 жылдығына орай  2017 жылғы мамырда «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» тақырыбында аймақтық конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Аймақтық конференцияның мақсаты: Алаш қайраткерлерінің мемлекет құрылысы мен әлеуметтік-экономикалық көзқарастары негізінде олардың шығармашылық мұраларының өзектілігін ашу және қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков. Б.Құлманов, У.Танашев, Қ.Бердиев, Ш.Бекмұхамедов,Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов т.б ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, патриоттық тәрбие беру.

Конференцияның  негізгі  тақырыптық бағыттары:

  1. Азаттық  таңын  аңсаған Алаш арыстары;            
  2. Алаш қозғалысының шығармашылық мұрасын зерделеудегі  ғалымдардың көзқарасы;
  3. Алаш және Алашордашылар;
  4. Алаш Орда үкіметінің құрылу тарихы мен қазақ зиялыларын насихаттаудағы  музейлердің рөлі;
  5. Оқу орындарында Алаш мұрасы тарихының оқытылуы.

 

Конференцияға Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау  облыстарының өлкетанушылары, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының өкілдері мен облыстық мәслихат депутаттары, жоғарғы оқу орындарының ғалымдары мен студенттері, облыстық, аудандық музейлер, тарихи және мәдени мұраны қорғау инспекциясы,  мұрағаттар, кітапхана мамандары, тарих пәні  мұғалімдері қатынасады. 

Конференция материалдарының жинағы шығарылуына орай, баяндамалар тақырыбы мен мәтінін конференцияны ұйымдастырушыларға  2017 жылдың 28 сәуіріне дейін төмендегі мекен–жайға немесе atyrau-museum@mail.ru электрондық поштасына  жолдау сұралады.

Материалды  рәсімдеу тәртібі:  баяндама мәтіні толық 6 бетке дейін; мәтін Times New Roman шрифтімен (шрифт өлшемі -14, интервал – 1; әр жол -1,25 азат жол басындағы аралық қалпында); төменгі және жоғарғы жақтары 2 см., сол жағы 3 см., оң жағы 1 см., бастапқы жолдың ортасында баяндама тақырыбы, бір жолдан кейін  баяндамашының аты – жөні, жұмыс немесе оқу орны, электрондық пошта; екі жолдан кейін баяндама мәтіні азат жолдан басталады. Мәтіндегі сілтемелер тік жақша ішінде көрсетіледі. Мысалы [1,502 б.]. Сілтемелер және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мәтін соңында беріледі.

                  Аймақтық конференцияға қатынасушылардың іс-сапар шығындары жіберуші жақ есебінен төленеді.

         

 

 Конференцияға қатынасушыны  тіркеу үлгісі

 

Аты жөні (толығымен) _______________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі  ____________________________________________

Жұмыс орны ______________________________________________________________

Жұмыс орнының мекен –жайы ________________________________________________

Телефон (байланыс үшін) ____________________________________________________

Электронды пошта (байланыс үшін) ____________________________________________

Баяндаманың тақырыбы ______________________________________________________

Техникалық құралдарға қажеттілігі (проектор, видео, слайд және т.б.) ________________

                                                                                       

Баяндамалар төмендегідей мекен - жайда қабылданады:

Атырау облысы, Атырау қаласы,

 Б.Момышұлы көшесі 3,

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі

телефон: 8 (7122) 32-89-84

телефон: 8 (7122) 32-36-64

Е-mail: Atyrau-museum@mail.ru

Жауапты қызметкерлер: Нұргүл Қамиева,

                                       Бибігүл Аймуканова.

 

Фото: silkadv.com

 

4008 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper