Анонс


«Бөкей ордасы» музей-кешені әуеден түсірілген ерекше бейнероликті жариялады Таңдаулы

Бейсенбі, 09 Ақпан 2017 04:59
«Бөкей ордасы» музей-кешені әуеден түсірілген ерекше бейнероликті жариялады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан аумағында бірнеше қорық-музей мен музейлік кешен бар. Олардың ішінде туристер жиі келетін «Бөкей ордасы» музей-кешені бүгінгі күні көпшіліктің қызығушылығын туғызып отыр. Назарларыңызға музей-кешенін көпшілікке таныстыру мақсатында түсірілген арнайы бейнероликті ұсынамыз.


KAZMUSEUM.KZ анықтамасы: «Бөкей ордасы» тарихи-музейлік кешені Орда ауылының Жәңгір хан көшесінде орналасқан. Тарихи музейлік кешен ХІХ ғасырда салынған. Кешен 1828 жылы салынған Хан Сарайы, 1867 жылы ашылған «Казначейчество», 1868 жылы ашылған Тарғын учаскелік мектебі, 1883 жылы ашылған қыздар мектебі сынды тарихи-архитектуралық ғимаратарынан және 1835 жылы салынған хан мешітінің негізінде қалпына келтірілген мешіт ғимаратынан тұрады.

Музей 1962 жылы Орда тарихи-революциялық музейі қоғамдық бастамасы негізінде құрылған. 1967 жылы мемлекеттік Орда тарихи-революциялық музейі болып ресми түрде құрылды. Музейді ұйымдастырған алғашқы директор - А.Ю.Тажетдинов. Көпшіліктің қалауымен 1997 жылы "Бөкей ордасы" тарихи-музей кешені" болып өзгерді. Кешеннің құрамындағы «Казначейство» ғимаратында негізінен Бөкей ордасының 200 жылдық тарихи бейнеленсе, «Хан мешіті» ғимараты Тәуелсіздік тарихына, «Хан Сарайы» ғимараты хан Жәңгірдің жеке өмірі мен қызметіне және қару-жарақ палатасы тарихына арналған. «Хан Сарайыны»ң сақталмай қалған негізгі бөлігі қазіргі кезде «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Авторы: Мират ҚОРЖЫНБАЕВ

 

10612 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper