Анонс


Ботай қонысын зерттеушілер жаңа обаларды ашты

Жұма, 15 Тамыз 2014 20:56
Ботай қонысын зерттеушілер жаңа обаларды ашты KAZMUSEUM.KZ -  

АСТАНА. 15 тамыз. BAQ.KZ – ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкерлері Ботай қонысын ззерттеу аясында археологиялық орындарға жекелеген барлау жұмыстарын жүргізіп, жаңа қорғандарды тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ботай қонысының шығысынан 11 шақырым қашықтықтағы Иманбұлақ өзенінің оң жағалауындағы, Айыртау ауданының Кутузовка ауылынан батысқа қарай 2 шақырым жердегі үшінші алаңның шетінен екі жерлеу құрылысы анықталды. Олардың бірі үйіндісі топырақтан тұратын қорған. Оның диаметрі 26 метр, биіктігі үйіндінің етегінен санағанда 80 см болады. 

Ашық объектілерге жүргізілген қазба жұмыстары өзінен кейінгі дәуірлердегі мәдениеттердің дамуына мықты серпіліс берген Ботай мәдениеті аумағының ғылыми маңыздылығын ескеріп, Қазақстандағы бірегей аймақтың тарихи-мәдени тұжырымдамасына жаңа ақпараттар қосты. 

Аталған экспедиция Ұлттық музейдің ғылыми-зерттеу қызметін көрсетеді және ол Қазақстан тарихы мен мәдениетінің белгілі ескерткішін зерттеп қана қойған жоқ, сонымен қатар ғылыми қызметкерлердің Қазақстан археологиясы мен тарихы саласындағы кәсіби білімдерін жетілдіруге де арналды.

Айта өтейік, Ұлттық музей осы экспедиция арқылы дербес ғылыми мекеме ретінде алғашқы дала жұмысына кірісіп, ғылыми-зерттеу қызметін бастаған болатын.

Экспедицияның мақсаты -  Қазақстан тарихы мен мәдениеті үшін орны ерекше ескерткішті зерттеп қана қоймай, сонымен қатар ғылыми қызметкерлердің әлеуетін кешенді және жан-жақты дамыту және Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық археологиясының әртүрлі бағыттары бойынша ғылыми тақырыптар бекіту.

6515 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper