Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстанда 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрып жатыр, бұл - жалпы республика халқы санының 3,5 пайызын құрайды. Әлбетте, олардың тағдыры әртүрлі, біреулері туа бітті кемтар атанса, енді біреулері тағдырдың тауқыметін бастан кешіріп отыр.
Музей мәдени объекті ретінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді. Осы тұрғыда музей дәлізінде пандус орнатылған.
Бірінші қабаттағы үлкен музыка залымызда осындай азаматтарға үнемі экскурсиялар мен көрмелер өткізіледі.
Жылдар бойы пәтерлерінен шықпайтын мүмкіндігі шектеулі азаматтар да бар. Олардың бүкіл әлемі - интернетте. Музейіміздің сайты бар, оның бір парағы «Біздің авторлар және орындаушылар» деп аталады. Осы парақта суретшілердің фотосуреттері, олар жайлы мәліметтер және музейіміздің қор жинағындағы жұмыстарының фотосуреттері орналасқан.
Музейге тікелей келіп, суретшілердің туындыларымен танысуға мүмкіншілігі жоқ шығармашылықпен шұғылданатын адамдар музейіміздің сайтына кіріп, осы авторлардың жұмысымен таныссақ деген өтініш жасайды. Біз электронды тапсырыстарды жинақтап, осы адамдардыңүйлеріне барып, олар үшін жылжымалы көрмелер ұйымдастырамыз. Бұл тұрғыда әр адамның қызығушылығы міндетті түрде ескеріліп отырады. Олардың әрқайсысына музейдің қор коллекциясының каталогы сыйға тартылды. Электронды каталог бойынша олар өздеріне ұнаған жұмыстарға тапсырыс береді және 3D форматында дайындалған экскурсияларды көре алады.
Интернет мүмкіндігі шектеулі адамдардың байланыс құралы болуымен қатар, жақсы көңіл-күй, шуақ сыйлау мен қолдау көзі де болып табылады. Коммуникацияның виртуалды кеңістігінде «күткен» бейнелер таратылатын ерекше орта құрылады.
2015 жылы І топ мүгедегі, өскемендік суретші Сергей Елисеевтің музейімізде «Мен әлемді сүйемін!» атты жеке көрмесінің вернисажы өткізілгенде, жүруге шамасы жоқ суретші өзінің көрмесінің ашылуына онлайн-режимінде,«телекөпір» арқылықатысты. Музейіміздің залында вебкамера мен теледидар экраны орнатылды. Осы құралдар арқылы залдағы көрермендер суретшімен байланыс жасау мүмкіндігіне ие болды.Олар Сергейге сұрақтар қойып, оның өмірге деген құлшынысын көре отырып, өздерінің ризашылығын білдірді. Үйінде отырып-ақ Сергей ата-анасымен бірге өзінің жеке көрмесінің вернисажын тамашалады. Вируталды түрде арманының жүзеге асырылуына көз жеткізді. Біз Сергей және оның ата-анасымен танысып, суретшінің қатысуымен қысқаметражды фильм түсірдік. Осы фильм арқылы проблеманың маңыздылығы және адамгершілікті ұғыну мақсатында сюжет көрсетілді; көрермен «осы әлемге» толыққанды еніп, осы жағдайды көбінесе айырықша әсерленумен қабылдайды.Қазіргі кезде осы фильмнің негізінде мектептерде өмірдегі қиындықтарды еңсеруге тәрбиелейтін сабақтар екі тілде өткізілуде.
Сергей Валерьевичке соңғы жылдары, қолдары икемге келмегендіктен, қылқаламды иегіне бекітіп, ұстап тұруға көмектесетін арнайы қондырғымен сурет салуына тура келіп жүр. Суретші өзінің нақты мүмкіндіктеріне неғұрлым сай келетін майлы бояумен салынатын кескіндемені жақсы көреді. Оның негізгі жанры – пейзаж. Тау шыңдарына, сайын дала мен өзен суларына деген оның нәзік сезімді сүйіспеншілігі ересен. Ол қоршаған ортаның әдемілігі мен үйлесімділігін қапысыз көре біледі. Пленер суретші үшін қол жеткізгісіз болғанымен, Сергей Елисеевтің бүкіл шығармашылық ғұмыры – өзінің ауыр сырқатымен күресудің тарихы, шығармашылық ерліктің мысалы, қатал тағдырға қарсы тұрып, кейбір кездері он екі мүшесі сау адамдардың бойынан табыла бермейтін бақыт пен гармонияға тең келерліктей әдемілікті сезінуге жетелейтін қажырлылықтың тамаша үлгісі болып табылады.
Суретшінің шығармашылық ғұмырында алты көрмесі көрсетілген. Жас суретшінің шығармашылықпен айналыса бастаған кездегі ең алғашқы жұмыстарының көрсетілімі 2001 жылы біздің музейде өткізілген еді.
2016 жылы ақпан айында Сергейдің Астанада - Ресей елшілігі жанындағы ғылым мен мәдени орталығында өткен көрмесінің ашылуына астаналық қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдары мен шығармашылық интеллигенцияның өкілдері, Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі М.Н.Бочарников, Қазақстандағы «Россотрудничество» өкілдігінің жетекшісі В.Л.Нефедов қатысты.
Сонымен қатар Өскемен мен Семей, Астана мен Қызылорда қалаларында жоба жалғасын тапса, басқа қалалардан да шақырту болар деген үміттеміз.
Жобаны іске асыру барысында баспасөз, теледидар, интернет-ресурстары кеңінен тартылды. Сергейдің тағдырымен танысқан әр адам бұл өмірде өзінің проблемаларын оның жағдайымен салыстырғанда, оңай болып көрінетінін және қиыншылықтарды еңсере білу қажет екенін түсінді.
Ал 2017 жылғы наурыз айында Сергей Елисеев «бейнелеу өнері» аталымы бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына ие болды.
***
Мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік қажеттеліктерімен күнделікті проблемалаларына билік пен жұртшылықтың назарын аудару мақсатында біз ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында ІІІ топ мүгедегі, суретші Марат Смаилов үшін қайырымдылық кеш ұйымдастыру бағытында үлкен жұмыс атқардық. Өйткені моральдық жағынан да, материалдық жағынан да қатты қиналып жүоген суретшінің жағдайы өмірден мүлде түңіліп кетуге шақ қалған еді.
Туғанынан есту қабілетінен мүлде айырылған Маратбес жасында анасынан айырылады.Әкесі Әділғазыұлын Зырян қаласындағы арнаулы интернатқа орналастырып, сол жерде сөйлеуге үйренген бала кейіннен Ленинград қаласында арнайы суретшілік білім алды. Өткен ғасырдың 90-жылдарында Алматы, Өскемен, Семей, Зырян қалаларындағы көрмелерге қатысса, 2001 жылы Ресей ұлттық мәдени орталығынан Мәскеуде өткен саңырау суретшілердің көрмесіне қатысуға шақыру алғанда, сапарына қаражаты болмай, көрмеден қалып қалған сәтін Марат осы уақытқа дейін өкінішпен еске алады...
Марат Шығыс Қазақстан суретшілерінің қатарындағы дарынды жандардың бірі болып саналады. Ол ШҚ өнер музейіне келіп, өзінің қиын жағдайын айтып, көмек сұраған еді. Суретшімізгежәрдемдесудің амалдарын іздестіреміз деп уәде берген соң, іске бел буып кірістік. Алпысқа жуық кәсіпорынға, басшылар мен қалталы азаматтарға хат жолдадық, облыстық мәслихат депутаттарының қабылдауларына жазылып, олармен кездесіп, мән-жайды түсіндірдік. Міне, дәл осы жерде бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлінің өте үлкен екендігін баса айтқанымыз орынды. Марат жайлы КТК, «Қазақстан-Өскемен» телеарналарында бейнесюжеттер көрсетіліп, «Казахстанская правда», «Дидар», «Экспресс-К», «Мой город», «Рудный Алтай» сияқты республикалық, облыстық, қалалық газеттер беттерінде суретші туралы, оған демеушілік көмек сұраған мақалалар жарияланды. Олар оқырмандар тарапынан қолдау тауып, көмек қолын созғысы келетін біраз адамдар бізбен хабарласып, байланысқа шықты. «ҮМЗ» АҚ тантал өндірісінің директоры, облыстық мәслихат депутаты Алексей Цораев өз атынан суретшінің он бір жұмысын безендіруге қол ұшын созды. Сол қайырымдылық кешіне келген әріптестері мен қала жұртшылығы өз әлдерінше Маратқа көмектерін аяған жоқ. Қайырымдылық кешінен хабардар болған Канада азаматы Константин Мирошник музейімізге келіп, суретшіміздің картиналарымен танысқаннан кейін, Мараттың ең тамаша деген жиырма жеті туындысын сатып алып, Канада еліне әкетті.
Қоғамның жаңғыруы жағдайларында мүмкіндігі шектеулі адамдарға аяқ-қолы сау адамдармен еңбек нарығында тең бәсекеге түсу өте қиын. Оларға жұмыс табу да оңай емес. Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі адамдар бар отбасылардың материалдық және психологиялық қиыншылықтарды еңсеруі өте күрделі болып келеді. Оларға өзге азаматтармен тең құқықтар мен мүмкіншіліктер қамтамасыз ету, тіршілік әрекеттеріндегі шектеулерді жойып, оңтайлы жағдайлар жасау, қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси өміріне белсене қатысуын ұйымдастыру - мүгедектерге қатысты әлеуметтік саясаттың ең маңызды міндеттері.
Әлбетте, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліне бастады. Алайда, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды түсіну, оларға деген қамқорлық - әлеуметтік жәрдемақыларын уақтылы төлеуге ғана байланысты емес. Ең бастысы, олар да өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулері керек. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау және оңалту күрделі де қарама-қайшы үдеріс. Осы үдеріске қоғамның, отбасының, ата-анасы мен мүгедек жанның өзінің өзара үйлесімді әрекеттесуі кіреді. Бірақ, мүгедектердің өзімен және олардың отбасыларымен мақсатты да жүйелі жұмыстар атқармасақ, мемлекеттің кез келген күш салуы зая кететін болады.
Айнұр Карабекова,
Шығыс Қазақстан Өнер музейі
экспозициялық-көрме секторының маманы,
Өскемен қаласы