Анонс


Ясауи кесенесінің күмбезін жаңғырту жұмыстары аяқталды

Сәрсенбі, 29 Шілде 2020 23:19
Ясауи кесенесінің күмбезін жаңғырту жұмыстары аяқталды KAZMUSEUM.KZ -  

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде атқарылған жұмыстармен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова БАҚ өкілдерімен өткен жиында таныстырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Ауқымды жұмысты Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Қазқайтажаңарту» РМК жүргізген болатын. Күмбездің тарихи келбеті сақталып, желдеткіш қабаттары ретке келтірілді. Қазір күмбез етегіндегі сегіз қырмен қосылған жерінде гидрооқшаулау жұмыстары жалғасып жатыр.

«Күмбезді қайта қалпына келтіру жұмыстары барысында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оған белгілі тарихшылар, зерттеушілер және білікті реставраторлар қатысты. Еліміз ғана емес түбі бір түркі жұртының рухани орталығы - Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени орындарды қайта жаңғырту, зерттеу және туристік орталыққа айналдыру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің үш жылға арналған даму жоспары бекітіліп, жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осы орайда Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағындағы тарихи орындарда қайта қалпына келтіру жұмыстары, ортағасырлық Күлтөбе қалашығы, Хан ордасы мен мешіті орналасқан магистралды көше бойында археологиялық қазба жұмыстары қарқынды жүріп жатыр», - деді Күміс Сейітова.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қылует жерасты мешіті (XII ғасыр), Жұма мешіті (XII-XIX ғ.), Рабия Сұлтан Бегім кесенесі (XVI ғасыр), Шилдехан (XIV-XV ғғ.), Шығыс моншасы (XVI) тағы басқа орындарда ауқымды шаралар қолға алынған.

Ал ортағасырлық Күлтөбе қалашығы және Жеті ата негізгі көшелеріндегі археологиялық-қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде Қожа Ахмет Яссау кесенесі мен көне Түркістан қаласы тарихи-мәдени кешенінің аумағынан еліміздегі ең үлкен ашық аспан астындағы музей ашу жүзеге асырылып келеді. Аталған жұмыстарды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Қазақ ғылыми зерттеу институты және «Қазқайтажаңарту» РМК жүргізіп жатыр.

 

400 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper