Анонс


ҚР Орталық музейі халықаралық ғылыми форумға шақырады

Сәрсенбі, 31 Қаңтар 2024 17:52
ҚР Орталық музейі халықаралық ғылыми форумға шақырады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет Комитеті, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Орталық музейі және Алматы қаласы музейлер бірлестігі Сіздерді 2024 жылдың 14 наурызында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ» ұлттық мерекесіне орай өтетін дәстүрлі «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ» II Халықаралық ғылыми форумы жұмысына қатысуға шақырады.

Форум жұмысының мақсаты: түркітілдес халықтардың этникалық тарихы мен мәдени мұрасын насихаттау.

Форум жұмысының міндеттері:

- түркітілдес халықтардың тарихи этногенезін, мәдениеті мен өнерін зерделеу мәселелерін өзектендіру;

- түркітілдес халықтардың тарихи-мәдени құндылықтарын дәріптеу: материалдық және материалдық емес (рухани) мұрасын зерттеу, зерделеу;

- «Наурыз»: сақтау және насихаттаудың жаңа нысандары мен тәсілдерін анықтау және зерделеу;

- мәдениет пен ғылым ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты жандандыру, ғылыми және мәдени-білім беру қызметі саласындағы дәстүрлі және инновациялық бағыттарды дамыту перспективаларын талқылау үшін бірыңғай алаң құру;

- Қазақстандық және шетелдік мамандардың күшімен түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерделеу бойынша бірлескен кешенді пәнаралық зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін айқындау;

- музей экспозициясы мен қор материалдары негізінде мәдени туризмді дамыту;

- музейлер арасындағы іскерлік байланысты қалыптастыру.

 

ФОРУМНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҒЫТТАРЫ:

  1. Түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті: материалдық және материалдық емес мұраларды зерттеу және насихаттау;
  2. Наурыз мерекесінің тарихын зерттеу, зерделеу;
  3. Түркі халықтарының тәрбие құндылықтары;
  4. Тарихи-мәдени мұраны зерттеу мен насихаттаудағы мәдениет мекемелері – музейлер, архив және кітапханалар – рөлі мен орны;
  5. Музей жұмысының замануи инновациялық нысандарының ғылыми және практикалық аспектілері (музейлік цифрландыру және виртуализациялаудағы мемлекеттік есеп талабына сай келетін бірыңғай ережелер; web-қосымшалар; серверлік конфигурация; техникалық қамтамасыз ету және т.б.).

                                                                                            

  • Панельдік талқылау:

- «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» тәжірибе алмасу алаңы.

 

  • Музейлік тәжірибе алмасу:

- «МУЗЕЙ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЗАМАНУИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ» ғылыми семинар;

 

«ТӘРБИЕ БАСЫ – ТАЛ БЕСІК» этнографиялық көрме (Орталық музей қоры негізінде).

Форумға ғылыми мекеме қызметкерлері, оқу орындарының оқытушылары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, музей, архив, кітапхана мамандары, жалпы түркі әлемінің тарихын, мәдениеті мен өнерін зерттеумен айналысатын жас ғалымдар, бакалавр, магистрлер, докторанттар және өзге де қызығушылық танытатын тұлғалар шақырылады.

Форум жұмысына қатысу өтініші ұйымдастыру алқасының  forum-024@bk.ru электрондық почтасы арқылы қабылданады.

Форум жұмысына арнайы шақырылған қонақтардың жол-шығындары мен қонақ үй құны ұйымдастырушылар есебінен төленеді. Ал, өзге қатынасушылардың барлық іс-сапар шығындары жіберуші жақ есебінен төленеді.

 

Өту нысаны: оnline, offline

Өтетін орны: Алматы қ., Самал – 1, 44 үй.

Өтетін күні мен уақыты14 наурыз 2024 жыл.

Байланыс тел.: 8(727)2644911 - Арайлым Бақытқызы Балаева

 

ҰСЫНЫЛҒАН ФОРМА БОЙЫНША ӨТІНІМ

 

Аты-жөні (толық) _________________________________________

Қызмет атқаратын мекеменің толық атауы: ___________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): __________________________

Лауазымы: _______________________________________________

Байланыс телефоны: _______________________________________

Электрондық адресі:_______________________________________

Факс, E-mail _____________________________________________

Мәдени (театр, филармония) шараға қатысу (иә, жоқ) __________

Алматы қаласындағы музейлерге экскурсия (15 наурыз 9.00-13.00) ___

Ұйымдастырушыларға ұсыныс, пікірлер _______________________

1185 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper