Анонс


Тараз тұрғыны құмырада сақталған көне теңгелерді музей қорына тапсырды

Жұма, 03 Қыркүйек 2021 15:25
Тараз тұрғыны құмырада сақталған көне теңгелерді музей қорына тапсырды KAZMUSEUM.KZ -  

Тараз тұрғыны Рафаэль Искандеров «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығына  күміс монеталардың көмбесін тапсырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 

Бұл монеталар Төменгі Барысхан қалашығының маңынан кездейсоқ табылған. Көмбедегі керамикалық құмырада бірнеше бүтін және бөлшектенген күміс дирхамдар сақталған және жанында құмыраның тұтқасы бар. Белгілі қазақстандық ғалым-нумизмат, орта ғасырлардағы ақша айналымы бойынша 160-тан астам мақалалар мен монографиялардың авторы П.Н.Петров «бұл құнды көмбедегі дирхамдар саманидтік дәуірге, Х ғасырдың ортасына жатады. Монеталар ұсақ саудагерге тиесілі болуы мүмкін» деген пікір айтты.

Қазынаның жалпы салмағы шамамен - 500 грамм күміс. Бұл қазына одан әрі ғылыми тұрғыдан зерттеліп, музей-қорықтың экспозициясына қойылатын болады. Музей ұжымы монеталарды музей қорына тапсырғаны үшін Рафаэль Искандеровке алғысын білдіреді.

456 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper