Анонс


«Қазақстан өнерінің 100 жауһары» альбомының тұсаукесері өтті (ФОТО) Таңдаулы

Бейсенбі, 15 Желтоқсан 2022 17:42
«Қазақстан өнерінің 100 жауһары» альбомының тұсаукесері өтті (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Қазақстан өнерінің 100 жауһары» альбомының тұсаукесері және көрменің ашылуы өтті.

90 жылға жуық тарихы бар Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде бірегей коллекция жинақталған. Қазақстанның өнер классиктерінің – графиктердің, суретшілердің, мүсіншілердің бейнелеу өнерінің үздік үлгілері еліміздің көркем мұрасының алтын қорына жатады. Музей коллекциясының 100 жауһары осы альбомға енгізіліп, көрмеге қойылып, ХХ ғасырдың басында пайда болған сәтінен бастап осы уақытқа дейінгі қазақстандық бейнелеу өнерінің ең лайықты туындыларын, негізгі есімдерін, эволюциясын ұсынады.

Кітап пен экспозицияның құрылымы Қазақстанның кескіндеме, графика және мүсінінің танымал жауһарларын бейнелейтін үш негізгі бөлімнен тұрады. Әр блокта суретшілердің ұрпақтар сабақтастығы және дәуірдің, уақыттың, тарихтың негізгі тенденциялары көрініс табады. Әрбір туынды музей жинағының және жалпы қазақстандық мәдениеттің танымал бренді болып табылады.

SAMSUNG компаниясының қолдауымен жүзеге асырылған альбомның тұсаукесері мен көрменің ауқымды жобасы Қазақстанның өнер классиктерінің 100 жауһарын қамтиды.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған және музей коллекциясының мақтанышы мен еліміздің көркем мұрасының үздік үлгілерін ұсына отырып, қазақстандық өнердің жоғары жетістіктерін көрсетеді.

 

Катерина РЕЗНИКОВА, өнертану кандидаты

1448 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper