Анонс


БІЗ ТУРАЛЫ

"Kazmuseum.kz" қоры туралы ақпарат: 

Қазақстан музейлеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетуге арналған "Kazmuseum.kz" қоры жұмысын 2015 жылғы 17 сәуірде сайт редакциясы ретінде бастап, кейіннен қор статусымен жалғастырды; 

2016 жылғы ақпанда Халықаралық музейлер кеңесінің "ICOM Қазақстан" Ұлттық комитетінің медалімен марапатталған;

2016 жылғы қазанда ҚР Тұңғыш Президенті Қорының "Мемлекеттік тілдегі үздік сайт" конкурсында "Терең ізденіс" номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды;

2016 жылғы желтоқсанда Қазақстанның интернет саласындағы ең үздік "AWARD" сыйлығы ұйымдастырған байқауда "Мемлекеттік тілдегі үздік сайт" номинациясы бойынша II орынды иеленді;

2018 жылғы қаңтарда "Kazmuseum.kz" қоры Түркия Республикасында Қазақстан музейлерінің қызметкерлеріне арнайы тағылымдама ұйымдастырды. Тағылымдама соңында Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлының Алғыс хатымен және Түркия Республикасының Культура және туризм министрлігінің Тарихи-мәдени мұраны қорғау дирекциясының сертификатына иеленді;

2018 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі өткізген "Рухани қазына-2018" фестивалінде басты серіктес болды;

2018 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Алғыс хатымен марапатталды;

2018 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі өткізген "Үздік мектеп музейі-2018" байқауына қолдау білдіргені үшін "Kazmuseum.kz" қорының басшылығы Алғыс хатпен марапатталды;

2018 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын "Тарихи-мәдени мұраны қорғау" номинациясы бойынша жеңіп алды.

 

 

 

Идея авторы, портал жетекшісі – Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

 

 

Меншік иесі:

Қазақстан музейлеріне ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсетуге арналған "Kazmuseum.kz" жеке қоры 2016 жылғы 18 сәуірде ҚР Әділет министрлігіне тіркеліп, заңды тұлғаны тіркеу туралы ресми куәлігі берілген. 

 

Әлеуметтік желілерде (өзіңіз қалаған әлеуметтік желінің атауы көрсетілген сілтемені басыңыз):

Instagram

Facebook

Twitter

VK (ВКонтакте)

Youtube

 

 

Медиа

JoomShaper