Анонс


Жезқазған музейі Қаныш Сәтбаевтың қолтаңбасы бар экспонатпен толықты

Жұма, 07 Қыркүйек 2018 03:00
Жезқазған музейі Қаныш Сәтбаевтың қолтаңбасы бар экспонатпен толықты KAZMUSEUM.KZ -  

Жезқазған тарихи-археологиялық музейіне археолог, ғалым, А.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Ермолаева Антонина Сергеевна музей қорына Қаныш Имантайұлының өзінің қолтаңбасы бар жазба мен «Гранат» атты минералды табыс етті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Құнды дүниені табыстау рәсімі Антонина Сергеевнаның Жезқазғанға келуіне орайластырылған «Жанына археологияны серік еткен» атты кездесу аясында өткен.
Кездесуге қатысушылар қатысушылар «Ұлы Дала құпиялары: Дала қазынасы, қола дәуірінің металлургиясы» атты деректі фильмді және А.Ермолаеваға арналған бейнеслайдты тамашалады. 
Іс-шара барысында Антонина Сергеевнаның шәкірттері Қабдол Әуезов, Алтынай Бірмұқанова ұстаздарына деген жылы лебіздерін білдірді.

Айта өтейік, осы жылдың жазғы маусымында Талдысай елді мекеніндегі Басқамыр орта ғасыр көне қалашығындағы археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарына Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Антонина Ермолаева бастаған жұмыс тобы құрамында музейдің тарих және археология бөлімінің басшысы Қабдол Әуезов, музейдің аға ғылыми қызметкері Бекзат Балтабеков және музейдің кіші ғылыми қызметкері Алтынай Бірмұқанова қатысқан болатын. Музейде өткен  кездесуде 2018 жылғы атқарылған осы археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстар жан-жақты талқыланып, қорытынды есеп кеші ретінде сипат алды.
Шара барысында тарихи сәт болды, Антонина Сергеевна музей қорына Қаныш Имантайұлының  қолтаңбасы бар жазба мен «Гранат» атты минералды табыс етті. Кезінде осы минералды Қ.Сәтбаев археолог Кемел Ақышевке беріп, ол ұлы Әлішерге берген екен. Әлішер Кемелұлы: «Бір музейге табыс етерсің»-деп, Антонина Ермолаеваға табыстаған екен. 
Іс-шара соңында музей басшысы Раушан Қапарова А.Ермолаеваға естелік сыйлықтар табыс етті, қатысушылар естелікке суретке түсті.

4146 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper