Анонс


«Жәнібек хан кесенесін зерттеу» ғылыми-зерттеу жобасы басталды

Сәрсенбі, 03 Маусым 2020 12:33
«Жәнібек хан кесенесін зерттеу» ғылыми-зерттеу жобасы басталды KAZMUSEUM.KZ -  

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі «Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек хан кесенесін зерттеу» ғылыми-зерттеу жобасын қолға алды.

Аталмыш жобаны жүзеге асыруға Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкерлері, сонымен қатар Л.Гумилев ат. ЕҰУ-ң К.Ақышев ат. ҒЗИ мен ҚР Ұлттық музейінің мамандары қатысуда.  

Бұл жобаның мақсаты – кесенені зерттеу, жерлеу орындарын іздестіру, кесенені жаратылыстану-ғылыми әдістермен мерзімдеу.

Бүгінгі күні «Жәнібек хан кесенесінің антропологиялық деректерін идентификациялау» 1 кезеңі (ақпан-сәуір) жүргізілді(осы зерттелетін ауданның орта ғасырлық кезеңін зерттеу тарихы туралы материалдар жиналды; XIX-XXI ғғ. аралығында жиналған ғылыми мақалалар мен архивтік материалдар негізінде жүргізілетін зерттелетін аумақтың археологиялық ескерткіштері бойынша ғылыми-талдау жұмыстары жасалды).

Негізгі жұмыстар жаз-күз кезеңіне белгіленген. 2020 жылғы 23 мамыр күні Қорғалжын ауданында жобаның 2-ші кезеңі бастау алды, оның барысында археологиялық экспедицияның ғылыми-іздестіру жұмыстары жүргізіледі. Экспедиция құрамына Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Л.Гумилев ат. ЕҰУ мен ҚР Ұлттық музейінің археолог мамандары кірді.

 

Гүлайым АГУБАЕВА, Ақмола облыстық  тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері

203 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper