Анонс


Ұлттық музейдің қызметкерлері АҚШ-та тәжірибеден өтті

Дүйсенбі, 17 Тамыз 2015 14:24
Ұлттық музейдің қызметкерлері АҚШ-та тәжірибеден өтті KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің  қызметкерлері Америка Құрама Штаттарында көшбасшылықтың «Мәдени мұраны сақтау» халықаралық бағдарламасына қатысты. Бұл туралы Ұлттық музейдің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталған бағдарламаға мәдениет пен өнер және жәдігерлерді сақтау, қалпына келтіру мен таныстыру саласындағы шараларды іске асырушы жеке тұлғалар мен ұйымдардың өкілдерімен тәжірбие алмасу мақсатындағы кездесуді ұйымдастыру жұмысы кіреді. Бағдарлама сонымен қатар, тарихи-мәдени мұралар, заманауи технологияларды ендіру және халықаралық туризмді дамыту салаларындағы жобаларды жасау мен жүзеге асыруға бағытталғанын айтып кету керек.

Көшбасшылықтың «Мәдени мұраны сақтау» халықаралық бағдарламасына орай қазақстандық делегация мәдениет, туризм және музей ісі саласындағы алдынғы қатардағы тәжірбиесін және жұмыс істеудің заманауи тәжірбиелерін, жобаларды басқаруды үйренді, АҚШ-тың ірі музейлерінің, Вашингтонның, Нью-Йорктің және Нью-Мексико штатындағы Альбукерке мен Санте-Фе қалаларының мемлекеттік органдары мен мәдениет ұйымдарының жұмыстарымен танысты. 

 Ұлттық музей қызметкерлері Смитсон институты мен Метрополитен өнер музейімен этнография, археология, көрме қызметі және заманауи ғылыми жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық орнату үшін келісімге қол жеткізді.

 Ағартушылықпен және ғылыми зерттеу жұмысымен айналысатын Смитсон институты мен оның құрамындағы музей кешені – бұл әлемдегі экспонаттары, музейлік құндылықтары мен жәдігерлері бойынша ең ірі орталық. Институттың құрамына Смитсон институтының филиалы болып табылатын 19 музей, хайуанаттар бағы, 9 ғылыми зерттеу орталықтары, сол сияқты 156 музей кіреді. Оның негізі Вашингтонда Конгресс шешімімен 1845 жылы ағылшындық химик әрі минералог Джеймс Смитсонның қаржысына қаланды. Институттың басты міндеттері ұлттық құндылықтарды сақтау, әлеуметтің білімін кеңейту, ғылыми зерттеулер жүргізу, өнер, ғылым және тарих салалары бойынша стипендия тағайындау болып табылады. Смитсон институтының топтамасы 142 млн. астам экспонаттан тұрады.

 

 

 
5055 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper