Лекцияның тақырыбы: «Музейдің қор сақтау әлемі». Лекцияны Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің қызметкері Бейбіткүл Әженқызы Абирова оқиды.
Ұзақтығы: 5 минут 30 сек.
Қатысушылар №2 қосымшаға сәйкес, бүгінгі лекцияны тыңдағаныңызды растайтын сауалнаманы 27 мамыр күнгі 23.00-ге дейін infokazmuseum@gmail.com поштасына жолдау қажеттігін естеріңізге саламыз. Сағат 23.00-ден кейін қабылданбайды. Қосымша №2 сауалнама үлгісін мына жерден алуға болады: САУАЛНАМА №2
Келесі лекция 2020 жылғы 3 маусым күнгі 13.00 және 15.00-де жарияланады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Көпшіліктің сұрауымен Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі осы біліктілік арттыру курсын музей туризмі, көркемөнер заттарына анализ лекцияларымен толықтырды. Курстың келесі шығарылымдары 3 маусым күнгі 13.00 және 15.00-де, 10 маусым күнгі 13.00 және 15.00-де болады. Біліктілік арттыру курсының сертификаттары 15 маусымда тапсырылады.
ЕСКЕРТУ: Online курсқа тіркеу қазіргі уақытта аяқталды. Сондықтан тіркелуге арналған №1 сауалнаманы жібермеулеріңізді сұраймыз.