Анонс


Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі республикалық конференцияға қатысуға шақырады

Дүйсенбі, 12 Қыркүйек 2022 17:16
Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі республикалық конференцияға қатысуға шақырады KAZMUSEUM.KZ -  

Павлодар облыстық Г. Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің 80 жылдығына орай 2022 жылғы 23 қарашада «Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу мен сақтаудағы музейлердің рөлі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.  

Қазіргі әлемдегі музей қызметінің өзекті мәселелері мен Павлодар Ертіс өңірінің археологиялық және тарихи-өлкетанушылық мұраларын зерттеудің қорытындылары мен перспективалары қарастырылады.

                   Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

-«Ұлттық мәдениетті жаңғыртудағы музейлердің рөлі және музей қызметінің өзекті мәселелері. Мәдени құндылықтарды дәріптеу жолдары мен тәсілдерін іздеу»;

- «Тарихи өлкетану-тарих ғылымының негізі»;

-«Тарихи-мәдени мұраны сақтаудағы археологиялық зерттеулер мен инновациялар».

 

Сағат 09.00-09.15 – Г. Потанин және Ш. Уәлиханов ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою.

Сағат 10.00-12.25  – Достық үйіндегі конференцияның пленарлық бөлімі.

 

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс.

Конференцияға музейтану, тарих, археология, этнография, өлкетану саласындағы ғалымдар мен зерттеушілер және тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану саласындағы мамандар шақырылады.

 

Конференция секциялары:

Секция 1. Музейтану

Секция 2. Өлкетану

Секция 3. Археология

 

Конференцияның мәліметтері жинақ ретінде шығарылады.   Конференцияға жолданатын баяндамалар (мақала, тезистер) конференция тақырыбымен байланысты болуы керек.

 

Қолжазбаны ресімдеу ережесі:

 

       Баяндама (негізгі мәтін, әдебиеттер тізімі, таблицлара мен суреттердің атаулары) компьютерде WinWord немесе DOS Word форматында теріліп, А4 форматы (210х297 мм) түрінде дискетпен (дискпен немесе электронды пошта бойынша) берілуі қажет. Times New Roman, кегль 12,  интервал - 1 (жиектері: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы – 1 см, сол жағы – 3 см).

 

- табуляция сызуға; - сөздерді бөліп сиретуге (сөздердің арасында, белгілерден кейін бір пробел қалдырылу керек); - азат жолдардың арасына ашық жол тастауға; - автоматты тәртіпте орындалатын командаларды қолдануға (әдебиеттер сілтемесі мен ескертулерге қойылатын, маркировка немесе азат жолдарды нөмірлеу, т.б.); - макросты пайдалануға, мәтінді шаблон немесе «тек оқуға арналған» түрінде сақтауға; мәтінді форматтауға және мәжбүрлеп тасымалдау жасауға; БОЛМАЙДЫ

     Келтірілген өлшем бірліктер СИ жүйесіне сәйкес келу керек.

   Библиографиялық сілтемелер: мәтінде дөңгелек жақшамен автордың тегі, баспа жылы, бетшесі (мысалы, Абаев, 1986, С. 8); мақаланың соңында әдебиеттер тізімі мен дереккөздер әліпби ретімен орналастырылады. Мақаланың библиографиялық сипаттамасы: автордың тегі және қысқаша аты-жөні (олардың санына байланысты емес, барлығын), жұмысының толық атауы, сондай-ақ жарияланған баспасы (мақалаға арналған), қаласы, баспахананың немесе баспаға берген мекеменің аты басылым жылы, том (көп томды басылымдар үшін), нөмірі, шығару (кезекті басылымдар үшін), жариялау көлемі (монографиялар үшін – бетше саны, мақала үшін – алғашқы және соңғы бетшелері).

         Ескертулерді қою барысында – негізгі мәтіннің қысқаша түсіндірмесін және оған қосымша, мәтіндегі ескерту қатысты орынға нөмірлеу берілу қажет (¹, ², ³ және т.б.), ал ескертулердің өзі әдебиеттер тізімі мен дереккөздерінен кейін жазылу керек.

         Безендірулер мен таблицаларға қолдар әдебиеттер тізімінен келтіріледі.

         Сызбалар мен суреттер А4 форматы бетінде (келесі бетінде қарындашпен автордың фамилиясы, мақаланың ықшамдалған тақырыбы, безендіру нөмірі, «жоғары» және «төмен» көрсетулері жазылу керек) және электронды нұсқасы jpg немесе tiff форматында 300 р. рұқсатымен көрсетіледі (электронды нұсқада).

         Мақала соңында автор  немесе авторлар жайында (ұжымдық жұмыс болған жағдайда) – тегі, аты-жөні (толықтай) жұмыс орны, лауазымдық қызметі, үйінің және жұмыс орнының мекен-жайы, телефондары, электрондық поштасының мекен-жайы туралы анықтама беру қажет.

         Мақаланың соңында орыс, ағылшын және қазақ тілдерінде (4-5 сөйлем) қысқаша түйіндеме берілу қажет. Баяндамалар  мүмкіндігінше электронды түрде болуы қажет.

         Конференцияға қатысу үшін сұраныс хат және баяндамалар ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына 2022 жылғы 15 қазанға дейін төмендегідей тәртіппен жіберілуі тиіс.

 

         Конференцияны ұйымдастыру комитетінің электронды адресі:

8 (7182) 618136  pavl_muzei@pavlkraimuz.kz

 

           

Өтініш үлгісі

 

                Ер                                      Әйел

1. Тегі

2. Аты

3. Әкесінің аты

4. Ғылыми сатысы, лауазымы

5. Мекемесі (ғылыми мекеменің, жоғарғы оқу орнының, т.б. атауы, орналасу  жері)

6. Автордың мекен-жайы (индекс көрсетілуі міндетті)

7. Е-mail (міндетті)

8. Телефон/факс (халықаралық байланыс кодымен)

9. Баяндаманың атауы

10. Секция

11. Қажетті техникалық құралдар

12. Мейманханада орын  қажеттілігі (ия / жоқ) 

 

Электронды поштамен жіберілген кезде электронды хаттың «Тақырып» бөлімінде «Халықаралық конференция мәліметтері» деп көрсетілуі қажетті.

 

 

 

1717 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper