Анонс


«Рухани қазына – 2021»: Музей саласының үздіктері анықталады (ЖАҢА ЕРЕЖЕ)

Жұма, 16 Сәуір 2021 14:20
«Рухани қазына – 2021»: Музей саласының үздіктері анықталады (ЖАҢА ЕРЕЖЕ) KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен биыл төртінші рет мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлері арасында «Рухани қазына – 2021» онлайн фестивалі өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 

Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерініңонлайн форматтағы «Рухани қазына – 2021» онлайн фестивалін ұйымдастыру және өткізу қағидалары

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің онлайн форматтағы «Рухани қазына – 2021» фестивалін ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында әзірленіп, Фестивальдің мақсаты мен міндетін, өткізу тәртібін айқындайды.

2. Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің онлайн форматтағы «Рухани қазына – 2021» Фестивалінің (бұдан әрі – Фестиваль) құрылтайшысы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік).

3. Фестивальді қаржыландыру «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» 033 бюджеттік бағдарламасының «Әлеуметтік-маңызы бар және мәдени іс-шараларды өткізу» 105 кіші бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

 

тарау. Мақсаты мен міндеттері

 

4. Фестивальдің мақсаты мен міндеттері:

1) өнердің шығармашылық жетістіктерін анықтау және талантты, өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау;

2) барлық жас топтарындағы дарынды адамдардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;

3) ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау, оның қатысушыларының кәсіби шеберлігін арттыру;

4) тұрғындардың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін ұйымдастыру, рухани және мәдени құндылықтармен алмасуына жағдай жасау;

5) шығармашылық қызметтің түрлі салаларындағы жетістіктерін көрсету;

6) бірыңғай мәдени кеңістікті дамыту;

7) өңірлердің мәдени мұрасын таныстыру, қызметкерлердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау;

8) мәдениет қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін көтеру.

 

 3 тарау. Фестивальді өткізу тәртібі

 

5. Фестивальді дайындау мен өткізу жұмыстарына жалпы басшылықты осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес құрылған Фестивальді өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүзеге асырады.

6. Қағидалар Министрліктің, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының мәдениет басқармаларының интернет-ресурстарында, сондай-ақ республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

7. Фестиваль аясында келесі іс-шаралар:

1) «Рухани қазына – 2021» онлайн республикалық байқауы (бұдан әрі – Байқау);

2) жеңімпаздарды марапаттау өткізіледі.

 

1 параграф. Байқауды өткізудің тәртібі

 

8. Байқау (облыстық, аудандық (қалалық) маңызы бар)мемлекеттік музейлер мен (облыстық, аудандық (қалалық), ауылдықмаңызы бар)мемлекеттік кітапханалардың, облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық маңызы бар) мәдениет үйлері,клубтардың(бұдан әрі – мәдениет ұйымдары) және мәдениет ұйымдарының қызметкерлері арасында өткізіледі.

9. Мәдениет ұйымдарының арасында байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей»;

2) «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей»;

3) «Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік музей»;

4) «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік кітапхана»;

5) «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік балалар немесе  жасөспірімдер немесе балалар мен жасөспірімдер кітапханасы»

6) «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік кітапхана»;

7) «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік балалар немесе жасөспірімдер немесе балалар мен жасөспірімдер кітапханасы»;

8) «Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік кітапхана»;

9) «Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мемлекеттік кітапхана»;

10) «Үздік қалалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мемлекеттік кітапхана»;

11) «Үздік облыстық мәдени ойын-сауық кешені»;

12) «Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі, (сарайы)»;

13) «Үздік ауылдық мәдениет үйі (клубы)».

10. Сондай-ақ, байқауға қатысушы мәдениет ұйымдарының арасында шектеулік іс-шаралар, оның ішінде карантин кезеңіндегі белсенді қызметі үшін келесі номинациялар белгіленеді:

1) «Үздік мемлекеттік музей сайты»;

2) «Үздік мемлекеттік кітапхана сайты»;

3) «Үздік музейлік онлайн жоба – 2021»;

4) «Үздік кітапханалық онлайн жоба – 2021»;

5) «Үздік мәдениет үйі мен сарайының, сондай-ақ клубтардың онлайн жобасы – 2021;

6) «Балаларға арналған үздік музейлік онлайн жоба – 2021»;

7) «Балаларға арналған үздік кітапханалық онлайн жоба – 2021»;

8) «Музейдің үздік инклюзивті онлайн жобасы –2021»;

9) «Кітапханалардың үздік инклюзивті онлайн жобасы – 2021»;

10) «Үздік көркемөнерпаздар ұжымы – 2021».

11. Мәдениет ұйымдарының қызметкерлері арасында байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері»;

2) «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері»;

3) «Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері»;

4) «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік кітапхана қызметкері»;

5) «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік балалар немесе  жасөспірімдер немесе балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері»;

6) «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік кітапхана қызметкері»;

7) «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік балалар немесе жасөспірімдер немесе балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері»;

8) «Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік кітапхана қызметкері»;

9) «Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мемлекеттік кітапхана қызметкері»;

10) «Үздік қалалық маңызы бар зағиптар мен нашар көретін азаматтарға арналған мемлекеттік кітапхана қызметкері»;

11) «Үздік облыстық мәдени демалыс кешені қызметкері»;

12) «Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі, мәдениет сарайының қызметкері»;

13) «Үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб қызметкері».

12. Конкурсқа қатысушы мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметкерлері арасында шектеулік іс-шаралар, оның ішінде карантин кезеңіндегі белсенді қызметі үшін келесі номинациялар белгіленеді:

1) «Музей ісі саласындағы «Мәдениет жанашыры»;

2) «Кітапхана ісі саласындағы «Мәдениет жанашыры»;

3) «Мәдени-демалыс қызметіндегі «Мәдениет жанашыры».

13. Әдебиет және өнер, әдеби-мемориалдық музейлерді, сондай-ақ қазақстандық жазушылар мен мәдениет қайраткерлерінің музей-үйлерін қолдау мақсатында Ұйымдастыру комитетінің ұсынысы бойынша «Үздік әдебиет музейі» атты арнайы номинация тағайындалады.

14. Отандық жазушылар мен ақындарды қолдау мақсатында Фестивальдің Ұйымдастыру комитетінің ұсынысы бойынша «Бердібек Соқпақбаев атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік кітаптың авторы» атты арнайы номинация тағайындалады.

15. Фестивальдің Ұйымдастыру комитетінің ұсынысы бойынша Конкурсқа қатысатын мәдениет ұйымдары арасында:

1) «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай» (музей ұйымдары арасында);

2) «Жамбыл Жабаев атындағы» (кітапхана ұйымдары арасында);

3) «Мұқағали Мақатаев атындағы» (кітапхана ұйымдары арасында);

4) «Әлихан Бөкейхан атындағы» (музей ұйымдары арасында);

5) «Ыбырай Алтынсарин атындағы» (кітапхана ұйымдары арасында);

6) «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы» (мәдени демалыс ұйымдары арасында) арнайы сыйлықтар тағайындалады

16. Кітапхана ұйымдарының қызметкерлерін қолдау үшін Фестивальдің Ұйымдастыру комитетінің ұсынысымен келесі сыйлықтар тағайындалады:

1) «Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту бойынша үздік инновациялық жоба»;

2) «Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасын толықтыруға және дамытуға қосқан үлесі үшін»;

3) «Кітап оқу мен кітапты жылжыту жөніндегі үздік медиа жоба»;

4) «Бюджеттен тыс қаражатты тарту арқылы кітапхана қорын толықтырған үздік кітапхана».

17. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының мәдениет басқармалары осы Қағидалардың 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 және 16 тармақтарында көрсетілген барлық номинациялар бойынша бір кандидатурадан ұсынады.

18.Байқау екі кезеңде:

1) бірінші кезең (облыстық) 2021 жылғы 10-30 сәуір аралығында;

2) екінші кезең (республикалық) 2021 жылғы 3-20 мамыр аралығында онлайн форматта өткізіледі.

19. Байқаудың бірінші кезеңінің (облыстық) қазылар алқасын әрбір өңірде облыстық мәдениет басқармалары қалыптастырады.

20. Ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық, аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың мәдениет ұйымдары 2021 жылғы
10 сәуірге дейінгі мерзімде байқауға қатысу үшін осы Қағидалардың
2-қосымшасына (мәдениет ұйымдары үшін) және 3-қосымшасына (мәдениет ұйымдарының қызметкерлері үшін) сәйкес үлгіде рәсімделген өтінім мен байқау материалдарын облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының мәдениет басқармаларына жібереді.

21. Байқаудың бірінші кезеңінің (облыстық) қазылар алқасы байқау құжаттарын қарастырып, әр номинация бойынша тек бір кандидатураны анықтайды.

Бірінші кезең (облыстық) жеңімпаздарының байқау материалдары қазылар алқасы отырысының хаттамасы Ұйымдастыру комитетіне салаға жетекшілік ететін әкім орынбасарының қолы қойылған ресми хатпен жолданады.

22. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының мәдениет басқармалары ағымдағы жылғы 30 сәуірге дейін Ұйымдастыру комитетіне байқаудың екінші кезеңіне (республикалық) қатысу жөніндегі тиісті материалдарды бірінші кезеңнің (облыстық) әділ қазылар алқасы отырысының хаттамасын қоса отырып, жолдайды.

Ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттар мен материалдар:

мәдениет ұйымдары:

1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес ресімделген өтінім;

2) ұйым туралы, оның 2019-2021 жылдардағы жетістіктері, кадрлық және сапалы құрамы жөнінде қысқаша анықтама;

3) мәдениет ұйымының 2019-2021 жылдардағы жұмысын таныстыру үшін видео (5 минутқа дейін) және (немесе) Power Point нұсқасында кемінде 50 слайдтан тұратын таныстырылым;

4) осы Қағидалардың 10, 12-тармақтарында көрсетілген номинациялар үшін карантин кезеңінде іске асырылған онлайн жобалары туралы қосымша материалдарды ұсынуы қажет.

мәдениет және өнер ұйымдарының қызметкерлері:

1) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес ресімделген өтінімді;

2) мәдениет ұйымынан қызметкерді ұсынатыны жөнінде өтініш хатты;

3) жұмысты ұсынған ұйымның мөрімен расталып, байқауға қатысуға ұсынатыны жөніндегі ұжымның алқалы жиналысы отырысының хаттамасынан үзіндіні;

4) PDF форматындағы азаматтың жеке басын растайтын куәлік көшірмесін;

5) қатысушының 3*5 фотосуретін (электронды нұсқада, pdf/jpeg форматында);

6) мәдениет ұйымы қызметкерінің 2019-2021 жылдардағы қызметі туралы ақпаратты құрайтын, Power Point форматында әзірленіп, кемінде 50 слайдтан аспайтын таныстырылымды (презентация) ұсынуы қажет.

Ағымдағы жылғы 30 сәуірден кейін түскен байқау материалдары байқауға қатысу үшін жіберілмейді.

«Рухани қазына – 2020» республикалық конкурсының жеңімпаздары байқауға қатысу үшін жіберілмейді.

23. Байқаудың екінші кезеңіне (республикалық) қатысу жөніндегі өтінім мен конкурстық материалдар Ұйымдастыру комитетіне Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік eл даңғылы 8, 15 кіреберіс, № 517 кабинет мекенжайына жолданады.

24. Құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтінімдер қаралмайды және қайтарылуға жатпайды.

25. Байқаудың екінші кезеңінің (республикалық) ресми ашылуы
2021 жылғы 12 мамырда республикалық электронды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өтеді.

26. Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің – республикалық деңгейдегі байқауға қатысушылардың материалдарын іріктеу жөніндегі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес құрамдағы қазылар алқасының отырысы онлайн форматта 2021 жылдың 12-14 мамыр аралығында өтеді.

27. Байқаудың екінші кезеңінің (республикалық) қазылар алқасы конкурстық материалдарды қарайды, іріктейді және бағалайды, екінші кезеңге (республикалық) қатысу үшін осы Қағидалардың 9, 10, 11 және 12-тармақтарында көрсетілген әрбір номинация бойынша бір жеңімпаздан таңдап алып, қорытынды шығарады, оған төраға мен қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.

28. Байқаудың екінші кезеңінің (республикалық) қазылар алқасы осы Қағидалардың 9, 10, 11, 12-тармақтарында көрсетілген номинациялар бойынша байқау материалдарын қарайды, бағалайды, қорытындылайды, сондай-ақ Ұйымдастыру комитетінің ұсынымына сәйкес 13, 14, 15 және 16-тармақтар бойынша берілетін сыйлықтар туралы шешім қабылдайды.

29. Байқаудың әр күнінің қорытындысы бойынша Байқаудың екінші кезеңінің (республикалық) қазылар алқасы жабық отырыс өткізіп, онда екінші кезеңнің (республикалық) жеңімпаздары анықталып, хаттамамен ресімделеді және қол қойылады.

30. Байқаудың екінші кезеңінің (республикалық) қазылар алқасы өтінімдерді қарау барысында үміткерлерді келесі өлшемдер бойынша:

мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес ұсынған ақпаратының толыққанды болуы:

материалдар мазмұнының ойға қонымдылығына бағалайды;

ұйым басшысының көпшілік алдында өзін-өзі таныстыруы (ұйымдар үшін), сондай-ақ байқауға қатысуға өтінім берген қызметкер үшін (креативті таныстыру және материалды қызықты жеткізу; шығармашылық тәсіл және сауатты таныстыру, жұмысты сауатты безендіру) секілді талаптар қойылады.

31. Сондай-ақ қатысушы таныстыру кезінде жаңа технологиялар мен әдістемелік жұмыстарын (әдістемелік құралдар мен дидактикалық материалдарын, хабарламалар, баяндамалар, әдістемелік ұсынымдары мен бағдарламаларын, жоспарларын) және өзін-өзі оқыту бағдарламаларын ұсынуына болады.

32. Байқаудың екінші кезеңінің (республикалық) қазылар алқасы:

1) байқауға қатысушының таныстырылымын тоқтатуға;

2) атаулы сыйлықтар беруге және сыйлықтарды қатысушылар арасында бөлуге;

3) арнайы марапаттарды тағайындауға құқылы.

33. Байқаудың екінші кезеңінің (республикалық) қазылар алқасы ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыстардың негізінде шешім қабылдайды, нәтижесі Қазылар алқасының төрағасы мен мүшелері қол қойған хаттамамен рәсімделеді.

34. Байқаудың екінші кезеңінің (республикалық) қазылар алқасының сыйақыларды беру жөніндегі шешімі Фестивальдің жабылу рәсімінде жарияланып, соңғы шешім болып саналады және қайта қаралмайды.

35. Байқаудың екінші кезеңінің (республикалық) қазылар алқасы отырысы эпидемиялық жағдайды ескере отырып Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК, «Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» РММ және «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК-де өтеді.

36. Фестиваль жұмысын жариялау мақсатында Ұйымдастыру комитеті бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз хабарламаларын, байқау бағдарламасын және ақпараттық-анықтамалық сипаттағы өзге де материалдарды ұсынады.

 

параграф. Байқаудың ынталандыру шаралары

 

37. Байқаудың екінші кезеңінің (республикалық) жеңімпаздарына салтанатты жағдайда диплом, статуэтка және ақшалай сыйлық табысталады не эпидемиологиялық жағдай ескеріле отырып, пошта байланысы арқылы жіберіледі.

38. Байқау жеңімпаздарын марапаттау күні мен орны: 2021 жылғы
21 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында немесе эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып онлайн форматта өткізіледі.

 

3 тарау. Қорытынды ереже

 

39. Осы Қағидалармен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

40. Жеңімпаз ұйымдар байқау өткізілген күннен бастап 3 ай ішінде ақшалай жүлдені тиімді пайдаланғаны туралы Министрлікке фото немесе бейнематериалдарды ұсына отырып, есеп жібереді.

 

____________________

 

 

 Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің онлайн форматтағы «Рухани қазына – 2021» фестивалін ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 1-қосымша Нысан

                            

Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің онлайн форматтағы «Рухани қазына – 2021» фестивалінің ұйымдастыру комитетінің құрамы

Дәуешов

Нұрғиса Мұратұлы

-

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі, ұйымдастыру комитетінің төрағасы;

 

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

Сейітова

Күміс Қарсақбайқызы

 

-

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры;

Арғынбеков

Мақсат Арғынбекұлы

 

-

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары;

Мұратов

Ғани Жұматбекұлы

 

-

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары;

Пазылова

Гүлзейнеп Анафияқызы

-

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті Музейлер және кітапханалар басқармасының басшысы;

Камзин

Нұран Амангелдіұлы

-

«Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының президенті;

Сатубалдин

Абай Кәрімтайұлы

 

-

«Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары.

 

           

 

Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің онлайн форматтағы «Рухани қазына – 2021» фестивалін ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 2-қосымша Нысан 

 

Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің онлайн форматтағы «Рухани қазына – 2021» фестиваліне қатысу үшін ұсынылатын  мәдениет ұйымының өтінімі 

1. Ұйым туралы мәлімет

 

(Ұйымның атауы

(ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын көрсете отырып)

 

 

Басшының аты-жөні, тегі

(болған жағдайда)

 

 

заңды мекен-жайы:

 

 

байланыс мәліметтері (телефон, электронды пошта):

 

 

Интернет-ресурс, әлеуметтік желідегі парақтары және т.б.

 

 

жалпы музей және кітап қорының көрсеткіштері, келушілер мен қызметті пайдаланушылар саны,жаңа түсімдер, кітап беру (2019-2021 жж.)

 

 

елімізде және шетелде қайта даярлау және біліктілігін арттыру аясында сертификат алған қызметкерлер саны
(2019-2021 жж.)

 

қызметкерлер саны (курс өткен шет мемлекетті көрсете отырып)

кітапханалар қызметіндегі өлкетану жұмыстары жөнінде

(тізімі, нәтижесі мен тиімділігі)

шығармашылық топтар, соның ішінде, ансамбльдер, вокалды-аспапты ансамбльдер мен би ұжымдары және т.б.

 

портфолио, фотоматериалдар, диплом, алғыс хат, құрмет грамоталары мен басқа да марапаттарының көшірмесі

музейдің ғылыми қызметі (археологиялық зерттеулер, этнографиялық экспедициялар, ғылыми-монографиялықзерттеулер, ғылыми және ғылыми-танымал басылымдағы мақалалар (иллюстрацияланған)

(саны,іс-шаралардың тізімі, нәтижесі мен тиімділігі)

елімізде және шетелде өткізілген мәдени-көпшілікке арналған және имидждік, сондай-ақ мәдени-ағарту іс-шаралар, соның ішінде тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына бағытталған

(саны, іс-шаралардың тізімі, нәтижесі мен тиімділігі)

«Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының аясында іске асырылған (асырылатын) жобалар

 

(тізімі, нәтижесі мен тиімділігі)

тұрақты форматта іске асырылатын жобалар

 

(тізімі, нәтижесі мен тиімділігі)

баспасөз ақпарат құралдарымен жұмыс, ақпараттық және PR-қызмет)

 

 

қонақ үйде орын қажеттілігі:

*иә

*жоқ

 

 

 

 

Күні___________________________2021 ж.

 

________________                             _____________________________________

(қолы)                   Басшының аты-жөні (болған жағдайда)

 

МО

 

 Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің онлайн форматтағы «Рухани қазына-2021» фестивалін ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 3-қосымша Нысан

 

Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің онлайн форматтағы «Рухани қазына – 2021» онлайн фестиваліне қатысу үшін ұсынылатын  мәдениет ұйымы қызметкерінің өтінімі

 

Номинация ______________________________________

_________________________________________________

(мәдениет ұйымының толық атауы)

_________________________________________________________________

(Аты-жөні, лауазымы, байланысу мәліметтері (телефон, эл.мекен-жайы)

 

Күні ___________________________2021ж.

 

________________                                 _____________________________________

       (қолы)                                               Басшының аты-жөні (болған жағдайда)

 

 

1. Мәдениет қызметкерінің қысқаша кәсіби биографиясы мен негізгі кәсіби қол жеткізген табыстары (2019-2021 жж):

 

Тегі

 

 

аты, жөні (болған жағдайда)

 

 

туған жылы

 

 

атағы, марапаттары (болған жағдайда)

 

 

мекен-жайы

 

 

телефоны

 

 

эл. пошта

 

білімі (мамандығы)

 

ғылыми дәрежесі (болған жағдайда):

 

жалпы жұмыс өтілі,

соның ішінде мәдениет саласында

 

 

қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын өткені

 

(оқыған орны мен мерзімі, біліктілік)

байқауларға қатысқаны, соның ішінде халықаралық байқаулар

байқаулар саны (нәтижесі)

жұмыста өзекті және инновациялық әдістерді пайдалануы

 

 

тарихи өлкетанушылық, әлеуметтік маңызға ие ақпараттық ресурстардың жиынтығын құруы

 

 

авторлық сценарийлік немесе әдістемелік материалдарды әзірлеуі

(клуб қызметкерлері үшін)

тәжірибесін жергілікті, облыстық деңгейде тарату

 

қатысушы тікелей өзі жеңіп алған немесе оның қатысуымен іске асырылған гранттар (мерзіміне шектеу қойылмайды)

 

қатысушы грантты ұтып алған шығармашылық жобалар мен бағдарламалардың тақырыптары

қатысушының кітапханалық-ақпараттық саламен байланысты ғылыми-зерттеу, қоғамдық және мәдени-шығармашылық қызметте қол жеткізген табыстары

 

(кітапхана қызметкерлері үшін)

қатысушының музей қызметінің сапасын арттыру саласында қол жеткізген табыстары,  қатысушының тікелей қатысуымен өткен экспозициялар мен көрмелердің тізімі

 

(музей қызметкерлері үшін)

мәдени-ағарту қызметін іске асыру саласындағы кәсіби жетістіктері

 

(клуб қызметкерлері үшін)

қатысушының өз қызметінде келушілерді тарту мен қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жұмыс түрі мен әдіс-тәсілдерін пайдалануы

 

 

ғылыми мақалалар (Скопус, Ринца және т.б. ғылыми басылымдардағы мақалалары)

 

тізімі мен ғылыми мақалалардың көшірмесі жолданады

қатысушының баспасөз ақпарат құралдарындағы мақалалары

 

мақалалардың тізімі мен көшірмесі жолданады

өзін таныстыруын жеткізу деңгейі (дизайны, контенті, материалдардың мазмұны)

 

 

2. Қатысушы ретінде ұсыну үшін келісім

 

Мен (аты-жөні) (болған жағдайда)

________________________________________________________

Байқауға қатысушы ретінде қатысуға келісім беремін.

 

________________ 2021 ж.                   ______________________

           (күні)                   (қатысушының қолы)

 

1033 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper