Анонс


БҚО мәдениет басқармасы музейде қызмет еткен ардагерге құрмет көрсетті (ФОТО)

Сейсенбі, 07 Наурыз 2017 02:00
БҚО мәдениет басқармасы музейде қызмет еткен ардагерге құрмет көрсетті (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов еңбек ардагері Валентина Пановаға құрмет көрсетті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты БҚО тарихи-өлкетану музейіне сілтеме жасап.

Басқарма басшысының бұл құрметі халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұйымдастырылып, ұжым атынан ардагерге сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.

«Сіздің жұмысқа деген жауапкершілігіңіз баршаға үлгі. Қайырымдылығыңыз, айналаға шуағын шашқан жан дүниеңіздің жылуы музей ұжымында өзіндік із қалдырды. Құрметті Валентина Алексеевна! Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Сіздердің үйіңізден жақсылық мерекесі үзілмесін!» делінген құттықтау хатта.

Валентина Панова Ресейдің Калинин облысы, Новокорель ауданы, Меледиха ауылында 1929 жылы дүниеге келген. Жиырма жыл, яғни 1964-1984 жылдар аралығында Орал механикалық зауытында және «ОралДорСтрой» мекемелерінде кран жүргізуші қызметін атқарған. Орал қаласындағы халыққа әлі қызмет етіп келе жатқан көпір құрылыстарында нәзік жанды краншының өзіндік үлесі бар. Ал 1984 жылы зейнеткерлік демалысына шыққан В.Панова 1986 жылдан 2010 жылға дейін Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде, С.Ғұмаров музейінде, Табиғат және экология музейінде жұмыс істеді. Еңбек ардагері өзіне құрмет көрсеткен басшыларға алғысын білдіріп, батасын берді. 

2732 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper