Анонс


Ұлттық музей ұжымы Олжас Сүлейменовке құрмет көрсетті (ФОТО) Таңдаулы

Жұма, 27 Мамыр 2016 23:42
Ұлттық музей ұжымы Олжас Сүлейменовке құрмет көрсетті (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Олжас Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойынаарналған «О. Сүлейменов поэзиясындағы тарих және тағылым»атты ғылыми конференция болып өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілі, алыс және жақын шетелдердің мемлекет және қоғам қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жоғарғы оқу орындарының басшылары, қызметкерлері мен студенттері, ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысты.

Конференцияда сөз алған Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директоры Д. Мыңбай О.Сүлейменовтің шығармашылығы мен тұлғаның қоғамдағы орынына тоқталып өтті. «Олжас Сүлейменов біз үшін ғана емес, біздің ұрпақтарымыз үшін де мақтаныш болатын тұлға. Оның белсенділігін, қоғам үшін атқарған еңбегін ел-жұрты жақсы бағалайды. Ол Қазақстан үшін де, әлем үшін де еңбектері ең көп таралыммен шығып, көп оқылған тұлға», – деді Д.Мыңбай.

Олжас Омарұлы дүние жүзіне танымал ақын, жазушы, қоғам қайраткері, «Невада-Семей» қозғалысының бастаушысы, ғалым, саясаткер.

«Халықаралық жиындарда, ғылыми конференцияларда, саясатта, поэзияда Олжастың бойы да, ойы да аласарып көрген емес. Ол үнемі ел мәртебесін көтерумен келеді. Олжас Сүлейменов азаматтық, адамзаттық биік поэзияны жасаушы», – деді жиында сөз алған қоғам  қайраткері Мырзатай Жолдасбеков.

Іс-шара барысында Олжас Омарұлының жазған мұраларын жаңа тың деректер негізінде зерделеу, жастардың бойында отаншылдық пен патриоттық сезімдерін арттыру, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына және даму кезеңдеріне қосқан үлесін ғылыми тұрғыда негіздеу жөнінде айтылды.

Ғылыми конференция барысында О. Сүлейменовтің шығармашылығы мен өмірі туралы сыр шертетін фото және кітап көрмелері болды.

 

Инстаграмдағы парақшамыз: @kazmuseum.kz

2847 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper