Анонс


Мәншүк Мәметованың пулеметі туған жеріне жеткізілді

Сәрсенбі, 18 Мамыр 2016 01:03
Мәншүк Мәметованың пулеметі туған жеріне жеткізілді KAZMUSEUM.KZ -  

Оралдағы мемориалдық музей үйінің қызметкерлері Невель қаласынан олжамен оралды, деп хабарлады 24.kz сайты. 

Музейдің басшысы, көп жылдан бері сұрапыл соғыстың түп тарихын зерттеп жүрген Светлана Бектенова бұл жолы Мәншүктің пулемет бөлшектерін батыр туған топыраққа алып келіпті. Қарудың ұңғысы мен қалқаны және өзге де ұсақ-түйек бөлшектері жақсы сақталған.

«Ерлікпен қаза тапқан қайсар қыздың көп заты қазір музейде тұр. Бірақ бұл жолғы жәдігердің жөні бөлек», - дейді мамандар.

Светлана Бектенова, Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық музей үйінің директоры:

- Бүгін біздің музейіміз үшін үлкен жаңалық, сенсация. Мәншүк музейіне осындай Мәншүктің пулеметі келді. Оны Невель қаласынан таптық. Патриоттық «Гвоздика» отряды бізге қолымызға берді. Мен өте ризамын.

2920 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper