Анонс


Атырауда музей саласының қызметкері Молдаш Бердімұратовтың 80 жылдық мерейтойы өтті

Сейсенбі, 05 Сәуір 2016 15:27
Атырауда музей саласының қызметкері Молдаш Бердімұратовтың 80  жылдық мерейтойы өтті KAZMUSEUM.KZ -  

Атырау  облысы тарихи – өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Хан ордалы - Сарайшық» музей-қорығының басшысы, Қазақстан Республикасының Туризмді дамыту саласының құрметті қызметкері, ҚР Мәдениет қайраткері Молдаш Бердімұратовтың 80 жасқа толуына орай еңбек және өмір жолдарын кейінгі жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «Сарайшық деп соққан сыршыл жүрек» тақырыбында  көрме мен мәдени шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Шараны  Атырау облысы Мәдениет,  мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы  Ә.Жоламанов ашып, облыс әкімінің орынбасары Ш.Жұмабекұлының құттықтауын жеткізіп, шапан жапты.

Шара барысында М.Бердімұратовтыңстуденттік досы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ақын Ш.Тәжімғалиев,  әріптесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі,  Маңғыстау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы  Т.Жұмалиева, шәкірті, «Атырау» газетінің тілшісі Т.Наурызәлі  мазмұнды естелік әңгімелерін айтты.

Көрмеге Молдаш Бердімұратовтың жеке өмірінен сыр шертетін фотосуреттері мен мақтау қағаздарынан тұратын  барлығы 30 жәдігер қойылды.

Шараға Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына қарасты мәдени мекемесі қызметкерлері, «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінің жауапты тілшілері мен «Қазақстан-Атырау» телеарнасының түсірілім тобы, М.Бердімұратовтыңзамандастары, ағайын-тумалары және ұрпақтары  қатынасты.

          

2933 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper