Анонс


Ұлттық музей астаналықтар үшін Тоқтар Әубәкіровпен кездесу ұйымдастырады

Сейсенбі, 16 Ақпан 2016 00:25
Ұлттық музей астаналықтар үшін Тоқтар Әубәкіровпен кездесу ұйымдастырады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде қазақтың тұңғыш ғарышкері, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, техника ғылымдарының докторы, профессор Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровпен кездесу өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу кешінің мақсаты – тұңғыш ғарышкер, Қазақстандағы ғарыш саласының дамуына, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери –патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға өлшеусіз үлес қосқан, халықтың мүддесін қорғауға белсене араласып жүрген Халық қаһарманы Тоқтар Оңғарбайұлымен сыр-сұхбат өткізу.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің ғылыми қызметкерлері, университет студенттері қатысады.

Кездесу 16 ақпан күні сағат 11.00-де ҚР Ұлттық музейінің үлкен конференц-залында (холл, 1-қабат) өтеді. 

3269 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper