Анонс


ҚР Ұлттық музейі Ботай қонысына алғашқы дала зерттеулерін жүргізді

Сәрсенбі, 06 Тамыз 2014 22:47
ҚР Ұлттық музейі Ботай қонысына алғашқы дала зерттеулерін жүргізді KAZMUSEUM.KZ -  

АСТАНА. 6 тамыз. BAQ.KZ – ҚР Ұлттық музейінің жас зерттеушілері Ботай қонысына қазба жұмыстарын белсенді түрде кірісіп, өздерінің алғашқы қауым археологиясы саласындағы танымдарын арттыруда, деп хабарлайды музейдің баспасөз қызметі.

Мәдени қабаттарды ашу, артефакттарға тұрпаттамалық және статистикалық сараптама жүргізудің күрделі әдістерін меңгерген олар Дала өркениетінің қалыптасу және даму мәселелеріне қатты қызығушылық танытуда. Аталған экспедиция қазба жұмыстарын жүргізудің тәжірбиелік дағдыларын меңгеруді ғана емес, сонымен қатар зерттеушілердің жеке ғылыми жұмыс тақырыптарын бекіту мен отандық ғылымның дамуына үлестерін қосуды да көздеп отыр.

Олжас Шаризданов, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің ғылыми жұмыстар бойынша директор орынбасары , т.ғ.к.:

- Ұлттық музей алғашқы ғылыми зерттеу жұмыстары үшін Ботай қонысын таңдап алуы кездейсоқтық емес. Дәстүрлі қазақ қоғамының көшпелі өмір салтымен өмір сүргені, оның тіршілік әрекеті дала кеңістігімен байланысты болғаны белгілі. Ботайлықтар даланы игерудің бастамасы ретінде жылқыны қолға үйреткен, содан жылқыны көлік құралы ретінде пайдаланған жаңа дәуір қалыптасқан.

Қазақтардың мәдениетінің пайда болу үдерісі мен Еуразиялық дала өркениетінің қалыптасуы осы ботайлықтардан бастау алады. Ботай мәдениеті Қазақстан тарихы үшін маңызды брендтердің бірі болып отыр әрі Ұлттық музейдің экспозицияларының арасынан лайықты орнын алған.

6071 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper