Анонс


Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы

Жұма, 20 Қаңтар 2023 15:06
Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 23 маусымда № 13815 болып тіркелді.

      

"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.12.2022 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен күннен күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын, ресми жариялау үшін қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын;

       4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі  А. Мұхамедиұлы

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығымен бекітілген

 

 Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидалары

 

       Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.12.2022 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

       Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.12.2022 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау тәртібін нақтылайды.

 2-тарау. Музей қорын қалыптастыру

       Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.12.2022 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Музей қорын қалыптастыру келесі жолдармен жүзеге асырылады:

       1) мәдени құндылықтарды сатып алу;

       2) жеке және заңды тұлғалармен ақысыз негізде берілген мәдени құндылықтарды іріктеу;

       3) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес Қазақстан аумағындағы археологиялық зерттеулер нәтижесінде Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларымен және басқа да мемлекеттермен берілген материалдарды және олжаларды қабылдау.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.12.2022 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       3. Жеке және заңды тұлғалармен берілген мәдени құндылықтарды сатып алу және іріктеу рәсімдерін жүзеге асыру үшін:

       1) Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 12466, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы "Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру туралы" № 362 бұйрығына сәйкес мемлекеттік музейлерде Қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясы (бұдан әрі – мемлекеттік музей комиссиясы) құрылады;

      2) музей-қорықтарда, Қазақстан Республикасына тиесілі басқа мемлекеттік ұйымдарда (бұдан әрі – музей-қорық) Қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясы (бұдан әрі – музей-қорық комиссиясы) директордың бұйрығымен құрылады.

       Музей-қорық комиссиясы дауыс құқығына ие төрағадан және мүшелерден, сонымен қатар дауыс құқығы жоқ хатшыдан тұрады.

      Музей-қорық комиссиясының төрағасы музей-қорық директорының (жетекшісінің) орынбасары, музей-қорықтар комиссиясының мүшелері – музей-қорықтың құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері және/немесе қызметкерлері болып табылады. Мәдени құндылық туралы мәліметтер жеткіліксіз болған жағдайда мәдени құндылықты сипаттайтын қорытынды беру үшін музей-қорықтар комиссиясына археология, этнография, нумизматика, тарих, өнертану, реставрация және тағы басқа салалар бойынша мамандар шақыртылады.

      Дауысқа салуы барысында музей-қорық комиссиясы мүшелерінің дауысы тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      4. Мемлекеттік музейлердегі, музей-қорықтар комиссиясының шешімі ұсыныс сипатындағы хаттамамен ресімделеді, және мемлекеттік музейлердегі музей-қорықтар комиссиясының төрағасымен және мүшелерімен қол қойылады.

      5. Мемлекеттік музей және музей-қорық комиссиясының қарау нәтижелері бойынша келесі шешімдердің бірі қабылданады:

      1) оң шешім – мәдени құндылықтарды сатып алуға немесе іріктеуге ұсыну;

       2) теріс шешім – мәдени құндылықтарды сатып алуға немесе іріктеуге ұсынбау.

      6. Мемлекеттік музей және музей-қорық комиссиясының оң шешімі мемлекеттік музей және музей-қорық директорының (жетекші) ұсынылған мәдени құндылықтарды сатып алуға немесе іріктеуге оң шешім қабылдауына негіз бола алады.

      7. Мемлекеттік музейлер және музей-қорық комиссиясының теріс шешімі жағдайында, қабылданған осы шешімге қатысы бар мәдени құндылықтарды сатып алу немесе іріктеу мемлекеттік музей және музей-қорықпен жүзеге асырылмайды.

      8. Мемлекеттік музейлер және музей-қорықтар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-не дейін тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар жөніндегі мәліметтерді осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.12.2022 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       9. Тұрақты сақталатын мәдени құндылықтар жөніндегі мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен қазақ және орыс тілдерінде электронды түрде жүргізілетін Мемлекеттік каталогта сақталады.

 3-тарау. Музей қорын ұстау

       Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.12.2022 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Музей қорын күтіп ұстау келесідей қамтамасыз етіледі:

       1) Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 12822, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын бекіту туралы" № 372 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығына сәйкес;

      2) реставрация және консервацияны қажет ететін мәдени құндылықтарды реставрациялау және консервациялау, оларды анықтау арқылы;

       3) музей қорының құрамына кіретін, шетелге шығарылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы шегінде берілетін музейлік мәдени құндылықтарды сақтандыру арқылы.

      11. Мемлекеттік музейлер және музей-қорықтар жыл сайын 20 қаңтарға дейін өткен жылдың музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау жөніндегі жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне жолдайды.

       Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жыл сайын 1 наурызға дейін мәдениет саласындағы уәкілетті органға музей қорының жағдайы жөніндегі жиынтық ақпаратты ұсынады.

      Ескерту. 11-тармақ орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.12.2022 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

 Қазақстан Республикасы музей қорының мемлекеттік каталогы

№ п/п

Мәдени құндылықтардың атауы және қысқаша сипаттамасы (авторы, мерзімі, табылған орны, жазулар, материалы және мәдени құндылықтардың дайындалу техникасы, өлшемі, бағалы металдар мен тастардан жасалған мәдени құндылықтардың жалпы салмағы)

Мәдени құндылықтардың саны

Мәдени құндылықтардың шифры

Мәдени құндылықтардың сақталуы

Мәдени құндылықтардың құны

Мәдени құндылықтардың фотосуреті

Мәдени құндылықтар сақталған музейдің атауы

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1195 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper