Музей экспозициясын жаңарту 2025 жыл ЮНЕСКО-ның мерейтойлық күндер тізіміне енген көрнекті композитордың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Осыған орай, «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК қарасты Н. Тілендиев мемориалды музейінің экспозиция айтарлықтай кеңейтіліп, жаңартылды.
Реэкспозиция барысында музей ауданы 161 шаршы метрге дейін ұлғайтылып, жаңа екі экспозициялық зал қосылды.
Келушілерге алғаш рет сирек қолжазбалар, бірегей мұрағаттық фотосуреттер, сондай-ақ композитордың бұрын-соңды көпшілік назарына ұсынылмаған жеке заттары ұсынылды.
Ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды, композитордың қызы – дирижер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.