Қойылатын талаптар:
Тіл: түрік немесе ағылшын тілі В2 деңгейінен кем емес, мүмкіндігінше С1 және тіл деңгейі сертификатпен расталуы тиіс;
Жасы: 20-40 жас аралығында болуы тиіс.
Мамандығы: өнер, музей ісі, дизайн, бейнелеу өнері, архитектура, архитектура тарихы, мәдениет пен өнерді басқару мамандықтары бойынша білім;
Құжат тапсыру: құжатты сайт арқылы 2025 жылғы 15 сәуірге дейін тапсыру қажет.
Жазғы мектеп мазмұны: семинарлар, экскурсиялар, суретшілермен кездесу және Ескишехир, Анкара мен Стамбул қалаларына тур ұйымдастырылады.
Ұзақтығы: 2025 жылғы 20-31 шілде арасы.
Қаржылық мүмкіндіктер: халықаралық және Түркия ішіндегі жолақы, қонақ үй, үш мезгіл тамақтану, курс материалдары, музейге кіру билеттерін Түркия тарапы төлейді.
Тіркелу үшін: ТІРКЕЛУ САЙТЫНА ӨТУ ҮШІН ОСЫ СІЛТЕМЕНІ БАСЫҢЫЗ