Анонс


«Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығына директор тағайындалды

Сәрсенбі, 17 Қаңтар 2024 17:57
«Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығына директор тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығына сәйкес, Бибігүл Дәндіқарақызы Дандығараева «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» РМҚК директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz  сайты.

Мекеме ұжымына жаңа басшыны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Қапашев Айдын Боранбайұлы таныстырды.

Бибигүл Дандығараева 1968 жылғы 20 мамырда Алматы облысында дүниеге келген. Білімі жоғары.

Еңбек жолы:

26.09.1990-01.09.1998 жж. – Қарағанды Металлургиялық Институтының экономикалық  теория кафедрасының оқытушысы, Қарағанды қаласы;

08.10.1998- 06.06.2000 жж. – Алматы қаласы Орта Азия университеті, Қазақстан тарих пәнінің оқытушысы, Алматы қ.;

01.09.2001-01.07.2002 жж. – №9 мектеп-интернатының тарих пәні мұғалімі, Алматы қ.;

04.02.2003-05.04.2004 жж. – ҚР Мемлекеттік орталық музейінің Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері;

05.04.2004-17.03.2006 жж. – ҚР Мемлекеттік орталық музейінің экспозицияларды сақтауды қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі;

17.03.2006-01.03.2012 жж. – ҚР Мемлекеттік орталық музейінің кадр жұмысын ұйымдастыру тобының жетекшісі;

01.03.2012 - 14.10.2022 ж. - ҚР Мемлекеттік орталық музей директорының музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары.

«Парасат» ордені мен бірнеше ұйымдардың алғыс хаттары мен құрмет грамоталарының иегері.

611 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper