Анонс


Музейге жаңа директор тағайындалды

Дүйсенбі, 30 Қазан 2023 16:43
Музейге жаңа директор тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне Гүлжан Ермашқызы Мендекинова тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Гүлжан Ермашқызы 1962 жылғы 31 наурызда Қостанай облысы Ленин ауданы Энгельс ауылында дүние келген. 1982 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы Боровской ПТУ-19 комсомол комитетінің хатшысы болып бастап, Архипов орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, №1 Боровской орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі, Меңдіқара аудандық білім бөлімінің бас маманы, №1 Боровской орта мектебінің директоры, Меңдіқара ауданы әкімі аппаратының басшысы, Қостанай облысының білім департаменті бөлімінің бастығы, Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы, Қарасу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастырушылық-әкімшілік бөлімінің бастығы, Қостанай облысы әкімдігінің архив  және құжаттама басқармасы бастығы, 2017-2021жылдары Қостанай әкімдігінің тілдерді дамыту басқарамасының басшысы қызметтерін атқарды.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Қостанай облыстық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болған.

853 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper