Анонс


БҚО-да жаңа визит орталық және Сейітқали Меңдешев пен Алма Оразбаеваның музейлері ашылды (ФОТО)

Бейсенбі, 19 Қазан 2023 23:08
БҚО-да жаңа визит орталық және Сейітқали Меңдешев пен Алма Оразбаеваның музейлері ашылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Батыс Қазақстан облыстық Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығында визит орталық ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Визит орталықта жаңа технологиялармен жабдықталған ақпараттық бөлімдер, балалар бөлмесі, фотостудия, кафетерий орналасқан. Музей-қорыққа келушілер өлке тарихы, табиғаты, тарихи-мәдени ескерткіштер, тарихи тұлғалар туралы толық ақпарат ала алады.

Сонымен қатар, музей-қорық аумағында екі музей ашылды. Оның бірі – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ Автономиялы Республикасы Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы Сейітқали Меңдешевтің мемориалдық музейі.

1842 жылы салынған    ғимаратта 1918-1920 жылдары  қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан бірегей тұлға Сейітқали Меңдешев  тұрған.

Екінші музей мемлекет және қоғам қайраткері Алма Оразбаеваға арналған.

1842 жылы салынған мектеп қалашығының құрамында болған  осы ғимаратта 1917-1919 жылдары мемлекет және қоғам қайраткері Алма Оразбаева тұрып қызмет еткен.

 

Фотосуреттерді музей әкімшілігі ұсынды.

654 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper