Анонс


ТАҒАЙЫНДАУ: Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне жаңа басшы тағайындалды

Сейсенбі, 13 Желтоқсан 2022 17:08
ТАҒАЙЫНДАУ: Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне жаңа басшы тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысы лауазымына Жұмабаев Батырхан Елікұлы тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.  

Батырхан Елікұлы 1982 жылғы 30 мамырда дүниеге келген.

Білімі жоғары, магистр, Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін тарих, құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша тәмамдаған;

«Археология-этнология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің магистратурасы;

 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, «Археология-этнология» мамандығы бойынша PhD докторантура.

Еңбек жолы: 2005-2012 жылдары Арқалық қаласындағы Торғай аграрлық-техникалық колледжінде тарих және экономика пәндерінің оқытушысы, 2013-2014 жылдары Астана қаласындағы № 53 мектеп-лицейінде тарих және экономика пәндерінің мұғалімі, 2014-2015 жылдары «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде директордың музей ісі бойынша орынбасары, 2015-2017 жылдары ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ғылым, менеджмент және маркетинг қызметінің басшысы, 2017-2019 жылдары «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы басшысының орынбасары, 2019 жылы «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы қызметтерін атқарды.

Отбасы жағдайы: үйленген, төрт баланың әкесі.

Марапаттары: «Алашорданың 100 жылдығы» естелік медалімен марапатталған;

Өлкетану қызметіндегі зерттеулері үшін «Үздік өлкетанушы» медалі;

ҚР БҒМ  және ҚР МСМ-нің «Құрмет» грамотасы;

«ҚР құрметті азаматы» естелік белгісі, тарих саласы;

Кәсіподақ комитетінің өміріне белсене араласқаны үшін салалық кәсіподақтың «Құрмет» грамотасы;

Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданының әкімі атынан ауданның саяси өміріне белсене араласқаны үшін Алғыс хат;

ҚР Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының мүшесі.

1085 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper