ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Түркістан облысына іс-сапары кезінде облыс орталығында бой көтеретін Қожа Ахмет Яссауи музейінің жобасымен танысты.
Аталған музейдің мердігері - «Базис-А» холдингі. Ауданы 3 мың шаршы метрді алатын ғимаратта да келешекте 100 адам жұмыспен қамтылмақ. Ұлы тұлғаға арналған музейдің құрылыс жұмыстарын аяқтап, ел игіліне беру мерзімі келесі жылдың соңына жоспарланған.