Анонс


Қазақ Хандығының тарихына арналған сайт ашылды

Сейсенбі, 14 Сәуір 2015 12:18
Қазақ Хандығының тарихына арналған сайт ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақ Хандығының  тарихына арналған  1465.kz  атты мультимедиалық сайт ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі жоба жетекшісі Аршат Оразға сілтеме жасап.  

«1465.kz — Қазақ Хандығы тарихына арналған мультимедиалық сайт. Негізгі мақсаты — қазақ тарихын мультимедиалық құралдар арқылы таныстыру, оқыту, санаға сіңіру. Қазіргі технология, ғаламтор заманында мойындау керек кітап оқу азайып кетті. Оқырман ақпаратты визуалды  түрде мультимедиа арқылы қабылдағысы келеді. Бұл сайттың да басты ерекшелігі сол - тарихи ақпаратты мультимедиалық контент арқылы беру», - дейді Аршат Ораз.

Жоба жетекшісі мәлімдегендей, бұл сайт алдағы уақытта қазақ тілінде төте және латын әріптерімен де жарық көрмек. Сонымен қатар шет тілдеріндегі нұсқасын ашу да жоспарланған.

«Алдағы уақытта төте және латын әріптеріндегі нұсқасын ашуды жоспарлап отырмыз. Болашақта ағылшын, орыс, түрік, неміс және француз тілдеріндегі нұсқасын жасау қарастырылған. Сайтқа балаларға арналған мультфильмдер де қосылады. Инфографикалар арқылы хандар, батырлар, соғыстар туралы да деректер шығару жоспарымда бар», - дейді жоба жетекшісі.

Айта өтейік, сайт «Жылнама», «Фильмдер», «Кітаптар», «Әндер», «Іс-шаралар» атты  бірнеше бөлімнен тұрады.

2407 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper