Бұл эстафетаны елордалық театр аталған акцияны ұйымдастыра білген The Metropolitan Museum of Art, Копенгагендегі мемлекеттік өнер музейі, Лондондағы «Royal Opera House» және Ресейдегі Үлкен театрдан қабыл алды.
Шараның мақсаты - Idea Hub қоғамдастығына біріккен 15 Instagram қолданушысы театрдың Басты, Мәрмәр және Камералық залдарынан қызықты фотолар түсіріп, #EmptyAstanaOpera хэштегімен жария ету.
Анықтама:
Empty қозғалысы Нью-Йоркте Дейв Кругман (Dave Krugman) есімді инстаграмердің бастамасымен дүниеге келген, ол бірнеше өзге пайдаланушыны Нью-Йорктегі Метрополитен музейінде жұмыс уақытынан тыс, онда ешкім болмаған кезде жабық түрде өткен кездесуге шақырады. Шараға қатысқандар кейін Instagram беттерінде атақты музейдің жаңа және ерекше қырынан түсірілген фотоларын #emptymet хэштегімен жария етеді.
#Еmptymet жобасының сәтті жүзеге асқаны соншалықты, қазір бұл қозғалыс бүкіл әлемге тарап, көптеген компаниялар Instagram фотоға түсірушілерді жұмыстан тыс уақытта қуана қарсы алады.