Анонс


Д.Мыңбай: Тарихты әлі де терең зерттеу қажет

Бейсенбі, 16 Қазан 2014 01:30
Д.Мыңбай: Тарихты әлі де терең зерттеу қажет KAZMUSEUM.KZ -  

Тарихымызды жан-жақты терең зерттей білсек Қазақстанды әлемге танытуға мүмкіндіктер ашылатын еді.

Бұл жөнінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі және БАҚ: өзара ықпалдастық жолдары» дөңгелек үстелі аясында ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай мәлімдеді.

- Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің рухани орталықтарының бірі, қасиетті Ұлытауға арнайы ат басын бұрып халқымыздың тарихы, тілі мен ділі, дәулеті мен сәулеті, көрші елдермен, өз ішіміздегі өзге этностармен қарым-қатынасы, жалпы елдің бүгіні мен болашағы туралы керемет ой толғау жасады. Елбасымыз Ұлытауды ең қасиетті жер дей отырып оның тарихи маңызын ескеріп «Қазақстанның қай жеріңе барсаң да қасиетті жерлер табылады. Шығысқа барсаң Берел қорғаны, қалмақпен соғысқан Аңырақай шайқасы өткен жер, Батысқа барсаң Алтын орданың хандары тұрған Сарайшық сынды қасиетті мекен бар, Оңтүстікке барсаң Түркістан тұр. Қазақстанда осындай қасиетті орындар көп. Дегенімен Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жастар оны біле бермейді. Біз өз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Оны білуіміз қажет» деп үлкен мақсат қойған болатын, - деген Д.Мыңбай «Шындығында да кезінде Жамбыл бабамыз «Қазығұрт пен Қаратау, басқа тауға пана тау» деп айтпақшы бүкіл Ұлытау болсын, Қаратау болсын, Алатау болсын қай-қайсының да арғы-бергі жағын зерттейтін болсақ біз бүгінгі жастарға ғана мағұлымат беріп қоймай, біз Қазақстанды әлемге танытуға мүмкіндіктер ашылатын еді» деп атап өтті.

Фото: Ғ.МАДАЛИЕВ

4909 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper